АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
"Құқықтық сауаттылық-заман талабы"
МЖП-207 тобының студенттері топ жетекшісі Зурбаева Зауреш Ахметовнаның ұйымдастыруымен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында "Құқықтық сауаттылық-заман талабы" тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Сабақтың мақсаты: студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, шыншыл, әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру. Тәрбие сағаты барысында студенттер құқық бұзушылықтың себебі мен салдары туралы өз ойларын ортаға салды. Тәрбие сағаты өткеннен кейін Ақтөбе қалалық ішкі істер департаментінің мұражайына барып, ондағы қызметкерлермен кездесіп, олардың тыныс-тіршілігі мен танысып, көптеген мағлұматтар алдық және Қазақстан-Ақтөбе телеканалына алған әсеріміз жөнінде сұқбат бердік
"ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ДІНИ АҒЫМДАРДЫҢ ҚОҒАМҒА ӘСЕРІ"
Бүгін, 31 қаңтар күні Ақтөбе көлік,байланыс және жаңа технологиялар колледжі студенттерінің қатысуымен"Аңсар "ақпараттық талдау орталығының теолог маманы Асанов Нұрлан Әділханұлы,Ақтөбе станциясы желілік полиция бөлімі экстремизмге қарсы іс - қимыл аға жедел уәкілі Дәулетов Нұрназарбек Наурызұлымен" Дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға әсері"тақырыбында ақпараттық профилактикалық кездесу өткізілді.
Жиын барысында теміржол бойындағы қауіпсіздік ережелері,жат ағым өкілдерін ажырата білу,әлеуметтік желідегі діни сұрақтарға қатысты Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы бекіткен ұстаздардан ғана ақпарат алу керектігі, джихат жөнінде кең көлемді діни ақпараттар айтылып,білім алушылар сұрақтар қойып,өздерінің көзқарастары пікірлерімен бөлісті.
Колледж оқытушылары мен студенттері!
Назар аударыңыз
18-27 қаңтар 2023
Оқуға құштар-колледжд》тұжырымдамасы аяасында кітапхананың оқу залында ұйымдастырылған 《Көркем фильмдер түсірілген кітаптар 》тақырыбында дəстүрлі кітап көрмесімен танысуға шақырамыз.
Үздік студенттер





