АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
Cтуденттер күнімен құттықтау
Т-15 тобының жетекшісі Наржанова Бахтыгүл Асылбекқызы өз сүйікті топ студенттерін 17 қараша студенттер күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
БІЗДІҢ СТУДЕНТТЕР БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ ОРТАЛЫҒЫНА САЯХАТ ЖАСАДЫ
Бүгін колледж студенттері педагог-ұйымдастырушы Б. Каумешовтің жетекшілігімен “Анаға тағзым” ғимаратындағы Бақытты отбасы орталығына саяхаттап барды.
📌Қиын жағдайда қалған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты қолдап заңгерлік көмек, тігін, қол өнер бөлмесі, әкелер, аналар бөлмесі, шаш сәндеу, фитнес залы, тіл дамыту, психолог мамандар ақысыз көмек көрсететініне тоқталған Ақтөбе қаласы, ішкі саясат бөлімінің басшысы Ботакөз Бисенова орталық жұмысымен кеңінен таныстырды.
Студенттер күні
Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технология колледжінің 2 ші жатақхана студенттер үйінде, студенттер күніне арналған мерекелік шара өтті. Жатақхана студенттері өз өнерлерін ортаға салды. Мерекелік шарада белсенді студенттерге мақтау қағазы тапсырылды. Түрлі ойындар ойнатылды. Мерекелік шара көңілді де әсерлі өтті.