Суреттерді қосу/өшіру Қаріп A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN
МЕНЮ

Тәжірибені ұйымдастырудың жалпы мәселелері

          Студенттердің тәжірибенің барлық түрлеріне жолдама ала отырып, өту мерзімі, тәжірибеден өту орны және тәжірибе жетекшісі бекітілген колледждің бұйрығымен ресімделеді. Бұйрық тәжірибе  басталғанға дейін бір аптадан кешіктірілмей шығарылады. Студент тәжірибе орындарында тағылымдамадан өтуші ретінде бекітілгеннен бастап, осы кәсіпорында қолданыстағы еңбекті қорғау ережелері мен ішкі тәртіп ережелеріне бағынады.

Оқу тәжірибесі.

  1. Оқу тәжірибесінің міндеттері – кәсіби қызметімен алғашқы танысу; таңдаған мамандығы бойынша тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру; мамандығына деген қызығушылықтарын арттыру, теориялық білімдерін саналы түрде дамытуға ұмтылу.

  2. Оқу тәжірибесі теориялық білімнің тәжірибелік қызметпен байланысын қамтамасыз етіп, тәжірибе барысында орындалған жұмыстың толық сипаттамасы мен жеке тапсырма бойынша есеп беруге арналған.

  3. Оқу тәжірибесі мамандығына қарай оқу орнының оқу шеберханаларында және қосымша оқу нысандарында, сондай-ақ кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда жүзеге асырылады. Бұл оқуды өнімді еңбекпен ұштастыруды көздейді.

Өндірістік тәжірибе  (мамандық бойынша тәжірибе)

  1. Өндірістік тәжірибенің (мамандық бойынша тәжірибенің) міндеттері студенттерді кәсіпорындарындағы, мекемелердегі өндірістік қызметпен тікелей таныстыру; студенттердің мамандық бойынша кәсіптік: дағдыларын меңгеруі; белгілі бір кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның қызметін зерттеу негізінде арнайы пәндерді оқуда алған білімдерін бекіту, кеңейту, тереңдету және жүйелеу; кәсіби тәжірибе жинақтау; кәсіби ойлауды дамыту; өндіріске ұйымдастырушылық қабілеттерін сіңіру.

  2. Өндірістік тәжірибе (мамандық бойынша тәжірибе) өндірістің барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындарда, ұйымдарда және мекемелерде, сондай-ақ оқу-өндірістік шеберханаларда ұйымдастырылады.  

Диплом алды тәжірибесі

Диплом алды тәжірибе оқытудың қорытынды кезеңі болып табылады және студенттер теориялық курсты өткеннен кейін және оқу жоспарында көзделген барлық (соның ішінде біліктіліктік) емтихандарды, сынақтарды, курстық жұмыстарды (жобаларды) тапсырғаннан кейін жүзеге асырылады.

  1. Диплом алды тәжірибенің міндеттері - дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы бойынша тәжірибелік мәліметтерді жинау, өңдеу және жалпылау; мамандық бойынша білім, білік және тәжірибелік дағдыларды тереңдету, бекіту және жетілдіру; кәсіпорындарда жаңартылған технологиямен тікелей танысу болып табылады.

  2. Диплом алды тәжірибенің мақсаты дипломдық жұмысты (жобаны) жазуды аяқтау болып табылады.

Тәжірибеден өтуші білім алушыларға арналған НҰСҚАУЛЫҚТАР

  1. Оқу процесінің теориялық пәндерін өтумен қатар оқу, өндірістік және диплом алды тәжірибесінен өту міндетті болып табылады. Оқу жоспарын толық орындаған студенттер тәжірибеден өтуге рұқсат етіледі.

  2. Тәжірибеге кіріспес бұрын, студент мамандығына қарасты бөлім бірлестігінен: бағдарламаны, жеке тапсырманы, тәжірибеден өту жолдамасы толтырылған күнделікті, егжей-тегжейлі нұсқауларды алуы міндетті.

  3. Күнделікті оқушы өзі толтырады. Орындалған жұмыстарды және өткізілген экскурсияларды есепке алу күн сайын жүргізіледі және тәжірибе жетекшісінің қолымен куәландырылады. Күнделік есеп дайындаудың негізі болып табылады.

Үздік студенттер

Сайтта кімдер бар

Қазір 239 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

статистика

Қолданушылар
2
Материалдар
144
Материалды қарау саны
56707

Авторлық құқық

© 2024 Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі. Барлық құқықтары қорғалған.
Joomla! - GNU General Public License. лицензиясы бойынша таратылатын тегін программалық қамтама
© 2024 АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
website author: Idrissov K.ZH.