Суреттерді қосу/өшіру Қаріп A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN
МЕНЮ
 

Бөлім меңгерушісі

Альсуйеуов Оспанхан Сагидуллаевич

     90 жыл… Күннің құдіретті сәулесі сияқтанып алғаш білім есігін   ашқан күннен бастап, шәкірттерінің жүрегіне жол тауып, білім нәрімен сусындатып, олардың бойына адамгершілік пен парасаттылықты, білімпаздық пен ізгілік нұрын дарытып келе жатқан киелі қарашаңырақ-Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі.  Қасиетті де киелі оқу орнының басты міндеті- егеменді еліміздің алтын діңгегін тік ұстай білетін білікті маман тәрбиелеу. Сол бағытты ұстанған теміржолдың бір бөлшегі саналатын, белесті бөлімнің бірі- «Тасымалдауды ұйымдастыру және автоматика» бөлімі. Бұл бөлім 50-60 жылдарда теміржол саласы күннен- күнге дами түскен шақта 1964 жылы сырттай бөлім, 1970 жылы күндізгі оқу бөлімі ашылды. Ашылған жылы 1 топ қабылданса, келесі оқу жылы 2 топ қабылданды. Мамандыққа сәйкес кабинет жабдықталды, зертхана бөлмелері, көрнекі құралдары, ашық түрде (моно проект) диплом қорғау жұмыстары қолға алынды. Бұл жұмыстардың бастамасын бастаған 

Ф.Ф.Тарасенко, Ж.Л.Бочарова, В.И.Николенконың ерен еңбегі ерекше. Олар бірнеше рет байқаулардың жеңімпазы, ҚР-ның оқу ісінің үздіктері. Сол сияқты «Жалын», «Аскет» құрылыс жасақтары (басшысы Ф.Ф.Тарасенко, В.И.Николенко) құрылып, Қарабұтақта үй құрылысына көмектесті, бұл бастама кейін де жалғасын тауып, дәстүрлі түрде жүргізілді.

Қазіргі таңда бөлімді 2021 жылдан бастап О.С. Альсуйеуов басқарып келеді. Бөлімнің мақсаты: қазіргі заманның талабына сай бәсекелестікке қабілетті жаңа технологиямен қаруланған кәсіби білікті мамандар даярлап шығару. Бөлімдегі аға буын оқытушылардың айтар ақылы, берер тәрбиесі, көрсетер жолы шексіз. Олардың ізін жалғастырар, жас та болса білікті мамандар, бөлімнің дәстүрін жалғастырып келеді. «Жас келсе іске» демекші, өз мамандығын жетік білетін оқытушылар ағалар салған сара жолдан айныған емес. Жыл өткен сайын оқу кабинеттері жаңа технологиямен жабдықталып, дипломдық жобалар нақты түрде қорғалуда.

«Тасымалдауды ұйымдастыру және автоматика» бөлімі тамырын тереңге жайған 90 жылдық тарихы бар колледжде осы күнге дейін мыңдаған түлектерді ұшырды, жүздеген түлек білім алып, өз мамандығын алып шықты. 2007 жылы «Автоматтандыру және басқару» мамандығы ашылды. 2020 жылы «Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығымен бірігіп, бөлім атауы «Тасымалдауды ұйымдастыру және автоматика» болып өзгертілді.

Әр жылдары оқыған жүздеген түлектер ҚР- ның дамуына өз үлестерін қосып келеді. Соңғы 5 жылда бітірген түлектер мамандықтарына сәйкес әр салада қызмет атқаруда. Атап айтсақ, Б.Кунаров, Б.Досов, А.Қуандық, Ғ.Ажайып, Ж.Шауқымов, Ә.Есенов, А.Төлеу, Ғ.Шәпи, А.Бабакулова, Е.Жұмағали, Н.Кетебай, Қ.Тапенов, Т.Исламбеков т.б.

Сондай ақ, Қалпақбаевтар отбасының үш перзенті «Автоматика» мамандығын бітіргендігін мақтанышпен айтуға болады. Қазіргі таңда үш азаматта оқу ордамызды үздік бітіріп, ағайынды А.Қалпақбаев, Қ.Қалпақбаев ,Ж.Қалпақбаев «Ақтөбе белгі беру және байланыс дистанциясы» мекемесінде өз мамандықтары бойынша жұмыс жасап жатыр.

Бөлімде төрт бірлестік жұмыс жасайды. «Автоматика» бірлестігі (бірлестік жетекшісі – Лаззат Жубаниязова), «Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» бірлестігі (бірлестік жетекшісі –Арайлым Төлеужановна), «Тілдер» бірлестігі (бірлестік жетекшісі –Гүлсезім Серикбаевна) және «Әлеуметтік пәндер және дене тәрбиесі» бірлестігі (бірлестік жетекшісі –Индира Абибуллаева). Жаңа қоғам адамның рухани интеллектуалдық жағынан дамыта тәрбиелеу- бүгінгі күннің басты мәселесі. Студенттермен жумыс жасауда бөлім әдіскерлері Г.Е.Таскыновның еңбегін  ерекше атап өтуге болады. Бөлімде сапалы білім беру мен қатар, саналы тәрбие беру жұмыстары өте жоғары деңгейде жүргізіліп келеді. Ұлы ғұлама Әбу-Насыр Әл-Фараби: «Балаға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген. Олай болса, бөлімде көптеген тәрбиелік іс шаралар ұйымдастырылуда. Әр жыл сайын жоспар құрылып, сол бойынша жұмыс түрлері өткізіледі. Оған дәлел дәстүрлі түрде өтетін «Алтын күз», «Тәуелсіздік күні», «Наурыз мерекесі», «Жеңіс күні» және жыл сайынғы жаңадан қабылданған студенттер арасында өтетін «Жас талант» атты іс-шаралар т.б. Дәстүрлі түрде өтетін колледж ішілік футбол, воллейболдан бөлім студенттері жыл сайын «Директор кубогін» иеленді. Сол сияқты бөлім студенттері «Алтын күз» сайысынан «Колледж ару» байқауынан жылда бас жүлдеге ие болады. Студенттер арасында өнерлі жастар аз емес. Олар тек колледжішілік шараларда ғана емес, қалалық, облыстық, республикалық деңгейде көрініп, марапаттауларға ие болып жүр.

       

Үздік студенттер

Сайтта кімдер бар

Қазір 339 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

статистика

Қолданушылар
2
Материалдар
144
Материалды қарау саны
55609

Авторлық құқық

© 2024 Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі. Барлық құқықтары қорғалған.
Joomla! - GNU General Public License. лицензиясы бойынша таратылатын тегін программалық қамтама
© 2024 АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
website author: Idrissov K.ZH.