АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
Бүгін №2 жатахақананың ұйымдастыруымен “Жасөспірімдер мен жастар арасындағы Лудомания нашақорлығы” тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Семинарға колледж психологі: Шүйінішбайева Гүлсім Сағидоллақызы
Колледждің алғашқы көмек көрсету жөніндегі медбикесі: Басарова Айнагүл Бақытжанқызы
Колледждің жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы : Амангелді Еламан Қартаңбайұлы
Колледж студенті: Казим Ақтілек және жас мамандар мен студенттер қатысты.
Ұйымдастырған: жатахақана тәрбиешісі Халилова Хамида Ерланқызы
Тренинг барысында қоғам дертінің салдары және оның алдын алу бойынша кеңестер айтылып, импровизациялық жаттығулар ұйымдастырылды.
Қатысушылар ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты.
“Кәсіби бағдар беру” бағытында насихат жұмыстарын жүргізілді
“Жұмысшы мамандықтар жылы” аясында Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің оқытушылары Бакиров Қ.Р., Кадирова Ж.Ж., Нургалиева А.Т. “Кәсіби бағдар беру” бағытында 10-11.04.2025ж күндер аралығында Байғанин ауданының Жарлы орта мектебі, Сағыз орта мектебі, √3 Қарауылкелді орта мектебі, √1 орта мектебі, Т.Жармағамбетов атындағы орта мектебі, √2орта мектебі, Қарауылкелді мектеп-гимназияларында насихат жұмыстарын жүргізіп, мамандықтар бойынша толық ақпарат берді.
“Кәсіби бағдар беру” шара барысында, оқушылармен түрлі конкурс, спорттық ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға сыйлықтар берілді.
Қиялыңда елестете білу-ой - өрісіңді дамыту” тақырыбында сыныптан тыс шара өтті.
“Инновация, цифрлық трансформация және жасанды интеллект: Болашаққа жаңа қадам” атты апталық шеңберінде, 14.04.2025 ж. күні, колледж оқушылары С.У.Куспанова мен Ж.А. Джаилибаеваның ұйымдастыруымен Э - 15 тобында «Қиялыңда елестете білу-ой - өрісіңді дамыту” тақырыбында сыныптан тыс шара өтті.
Шараның құзіреттілікке бағытталған мақсаты:
студенттердің ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын,танымдық белсенділігін және пәнге қызығушылығын арттыру. Шара барысында білімдар студенттеріміз екі топқа бөлініп өз білімдерімен сайысып оқу барысында алған білімдерін, шығармашылықтарын көрсетті.
Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкерлері




Ақпараттық - аналитикалық талдау







Үздік студенттер






