АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
25 қазан Республика күніне арналған “Қазақстан еліне саяхат” атты тәрбие сағаты өткізілді.
Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі 2 жатақханасында 25 қазан Республика күніне арналған “Қазақстан еліне саяхат” атты тәрбие сағаты өткізілді. Өткізген тәрбиеші Жумашева Жазира Едигеевна.
КОЛЛЕДЖДЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ПАТРИОТТЫҚ-ТАНЫМДЫҚ КЕШ ӨТТІ
Бүгін 24 қазан күні Ақтөбе көлік,байланыс және жаңа технологиялар колледжі мәжіліс залында «Мәңгілік жаса,қыран елім Қазақстаным» тақырыбында Республика күніне арналған кеңейтілген іс-шара өтті.
Салтанатты ұлттық шарада колледж ұжымын, оқытушылар құрамы мен студент жастарды басшысының уақытша міндетін атқарушы Бурибаев Асылбек Салжанұлы Республка күнімен ресми құттықтады.
Одан кейін техникалық кәсіптік білім беру саласында ұзақ жыл абройлы еңбек етіп колледж мәртебесінің асқақтауына айрықша үлес қосқан бір топ білім ордамыздың ұстаздары мен қызметкерлерін Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министірлігінің ,Ақтөбе облыстық білім басқармасының құрмет грамотасы және алғыс хаты, Ы.Алтынсарин төс белгісімен, AMANAT партиясының Ақтөбе облыстық филиалының Алғыс хатымен марапаттады.
Кеш соңы мерекелік концертке ұласты.
БАЛАЛАР МӘСЕЛЕСІНЕ АРНАЛҒАН АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
🗓️Бүгін 2024 жылы 18 қазан күні Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің конференц залында Ақтөбе облысы білім басқармасы «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығы әдістемелік бөлімінің әдіскер психологі Телағысова Меңтай Ырзабайқызы, психологиялық бөлімінің басшысы Сәрсенғалиева Майра Тұрарбекқызының қатысуымен колледж білім алушыларының ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында «Балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында ата-аналарға арналған ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Ата-аналардың әр түрлі сұрақтарына жауап беріліп құқықбұзушылықтың алдын алу, баланың ойына ,мәселесіне көңіл бөлу, бағыт-бағдар беру мәселелері талқыланды.
Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкерлері




Ақпараттық - аналитикалық талдау







Үздік студенттер






