АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
ЖАҚСЫ ОҚЫП, КӘСІБИ МАМАН БОЛЫП АТА-АНА ҮМІТІН АҚТАУҒА ҮНДЕДІ
Бүгін, колледж білім алушыларына конференц залда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың,қылмыстар мен діни экстремизмнің алдын алу,түсіндіру жұмыстары бойынша сыр-сұқбат өткізілді.
Кездесуге келген қонақтар Ақтөбе қаласы ПБ Алматы ауданы №3 қалалық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Измайлов Линур Рустемович
Ақтөбе облысы, полиция департаменті діни экстремизм бөлімінің полиция подполковнигі Жубатыров Айбек Нұрдаулетұлы,
Ақтөбе қаласы ПБ Алматы ауданы #3 ҚПБ ЖПҚБ КТІЖ аға УПИ полиция майоры, кәмелетке толмағандар ісі-жөніндегі аға учаскелік инспекторы, Махмудова Кенжегүл Жақсыбайқызы білім алушыларға өздерінің құқықтарын түсіндіріп, жасөспірімдер арасындағы қылмастық оқиғалардан мысалдар келтіріп, жақсы білім алып, кәсіби маман атанып ата-аналарының үмітін ақтап, Отанымыздың патриоттары болуға шақырды.
Студенттер де, өз кезегінде мамандарға сұрақтар қойып, өздерінің пікірлерімен бөлісті.
БҮГІН КОЛЛЕДЖДЕ РУХАНИ КЕЗДЕСУ КЕШІ ӨТТІ
18.10.2024 ж. Бүгін колледж білімалушыларына конференцы залда
жастар арасындағы рухани құндылықтар және діни сауаттылық тақырыбында рухани танымдық кездесу кеші өткізілді.
✅Кешке қатысқан қонақтар «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығы теолог маманы Саматов Сапар Саматович
✅Алдашбаев Сакен Мінуарұлы
Қызылорда облысы “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” журналист маманы студент жастарға имандылық, адамгершілік, адалдық туралы әңгімелеп ол нағыз иманды адам болып саналатынын, басқа ағым жетегінде кетпеу, ол әркімнің қолында екендігін жеткізіп, өзгелерге құрмет көрсету және жағымсыз әрекеттерден аулақ болу секілді қадамдарды ұстану туралы ақыл-кеңестерін берді.
✅Білімалушыларымыз көкейлеріндегі бірқатар сұрақтарын қойып, ой пікірлерімен бөлісті.
Қаламыздың №6ЖББОМ-де үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, 9а,9ә,9б,9в,9г сынып оқушыларына мамандықтар бойынша ақпарат беріліп, буклеттер таратылды.
Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің арнайы пән оқытушысы Максутова Г.Е және кәсіби бағдар беру жетекшісі Ожанова Қ.Қ “Кәсіби бағдар” беру бағытында 17.10.2024ж қаламыздың №6ЖББОМ-де үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, 9а,9ә,9б,9в,9г сынып оқушыларына мамандықтар бойынша ақпарат беріліп, буклеттер таратылды.
Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкерлері




Ақпараттық - аналитикалық талдау







Үздік студенттер






