АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
9-11 сынып оқушыларына мамандықтар бойынша ақпарат беріліп, буклеттер таратылды.
Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің арнайы пән оқытушысы Жалғасова Қ.Т және кәсіби бағдар беру жетекшісі Ожанова Қ.Қ “Кәсіби бағдар” беру бағытында 16.10.2024ж қаламыздың №5ЖББОМ-де үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, 9-11 сынып оқушыларына мамандықтар бойынша ақпарат беріліп, буклеттер таратылды.
Психикалық денсаулық күніне орай колледж студенттері және ұжым қызметкерлеріне менталды жаттығулар және тренингтер ұйымдастырылды.
10.10.2024 күн - психикалық денсаулық күніне орай колледж студенттері және ұжым қызметкерлеріне менталды жаттығулар және тренингтер ұйымдастырылды.
Жүйке жүйесінің қызметін белсендіре отырып, релаксация көңіл- күй мен психикалық және физикалық денсаулықты реттеу мақсатында жүргізілген шараға белсенді қатысқан педагогтар мен студенттерге алғыс айтамыз. Психикалық денсаулықтарыңыз мықты болсын.💐
КОЛЛЕДЖДЕ ПАТРИОТТЫҚ РУХАНИ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ
Бүгін Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің мәжіліс залында «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының бас редакторы, Қазақ Спорт және туризм академиясының құрметті профессоры, Қазақ журналистикасының қайраткері Мусағали Тасқалиевтің колледж студенттерімен TED х форматында кездесуі болып өтті.
Кездесу барысында Мусағали Сабырғалиұлы өзінің шығармашылығы және патриоттық бағытта атқарып жүрген істері туралы кеңінен баяндап берді. Білім алушыларға ой салатын өлеңдерін оқып, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Кездесуге құрметті қонақ болып келген патриоттық бағыттағы әнші-сазгер, ҚР Еңбек сіңірген қызметкері Орынгүл Исмағұлова өз кезегінде кеш иесінің сөзіне жазылған «Бауыржан батыр» және «Менің атам майдангер» әндерін орындаса, Технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару мамандығының 2 курс студенті Ажар Кәрімбай Мусағали Тасқалиев пен Орынгүл Исмағұлованың, Мәскеуде өткен «Родина Подвига-Родина Героя» халықаралық патриоттық әндер байқауының жеңімпазы атанған, Халық Қаһарманы Хиуаз Доспановаға арналған «Қанатты қыз – Хиуаз» әнін шырқады.
ұйымдастырушы-педагог Бекзат Қаумешов кеш соңында қонақтарға ризашылығын білдіріп, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру жолында атқарып жүрген істеріне сәттілік тіледі.
Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкерлері




Ақпараттық - аналитикалық талдау







Үздік студенттер






