АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
Облыстық «Қадам - Life» жобасы аясында №42 Орта мектепте жұмысшы мамандықтарын дәріптеу мақсатында кәсіби бағдар беру шарасы ұйымдастырылды.
Колледж директорының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары Альсуйеуов О.С; кәсіби бағдар беру жетекшісі Ожанова Қ.Қ және арнайы пән оқытушылары
1. «Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару»
2. «Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару»
3. «Автоматика, телемеханика және темір жол көлігінде қозғалысты басқару»
4. «Темір жолдың жылжымалы тартқыш құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету»
5. «Темір жолдың вагондар мен рефрижераторлы жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету»
6. «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы»
7. «Темір жол көлігінде жедел технологиялық байланыс құрылғыларын пайдалану»
8. «Электр жабдықтры (түрлері және салалары бойынша)»
9. «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандықтары бойынша көрме ұйымдастырып, оқу ордамыздың мамандықтарының ерекшеліктері мен талаптары туралы толық ақпарат берді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында викторина жүргізілді. Мектеп оқушыларының болашақта мамандықты дұрыс таңдауда дұрыс шешім қабылдауға ықпал білдірді.
Ақтөбе станциясындағы полицияның желілік бөлімінде ашық есік күні өтті.
Іс-шара жастар үшін тәртіп сақшыларының жұмысымен танысуға және осы құқық қорғау қызметінің ерекшеліктері туралы көбірек білуге бірегей мүмкіндік болды. Қонақтар үшін алғашқы аялдама мұражай болды, онда студенттер ведомствоның тарихы мен жетістіктері туралы білді. Экспонаттар назар аударды және талқылауға жақсы себеп болды. Полиция қызметкерлері құқықтық тәртіпті бақылау және азаматтардың нақты уақыттағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолданылатын заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін көрсетті. Ең қызықты сәттердің бірі жауынгерлік қару-жарақ көрмесі болды. Балалармен болашақ полиция қызметкерлеріне қойылатын талаптар, олардың жұмыс ерекшеліктері туралы әңгіме жүргізілді. Іс-шараның бұл бөлігі ең қызу болды, жастар көптеген сұрақтар қойды. Бұл іс – шараның басты мақсаты-жастарды патриоттық тәрбиелеу, жас ұрпақтың назарын полицейлердің жұмысына аудару.
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ ҚАУІПСІЗДІГІ
📌 05.02.2025 ж. Колледжімізде құқықбұзушылықтың алдын алу және интернеттегі қауіпсіздік мәселелері бойынша маңызды кездесу өтті.
🔹 Іс-шара «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында, білім алушыларды жауапкершілікке баулу, ар-ұят құндылықтарын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
👮♂️ Ақтөбе қаласы полиция бөлімінің өкілдері 1-курс студенттеріне құқықтық сауаттылық, жолда жүру ережелері, интернет алаяқтықтың алдын алу және қылмыстық әрекеттерден сақтану туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара спикерлері:
✔️ Сүндетбаева Айнұр Амантұрлықызы – полиция капитаны
✔️ Жолдыбай Құттыбай Бақыткерейұлы – полиция капитаны
✔️ Жұбатыров Айбек Нұрдаулетұлы – полиция подполковнигі
✔️ Махмудова Кенжегүл Жақсыбайқызы – полиция майоры
Кездесу барысында студенттерге құқықбұзушылықтың салдары, интернеттегі алаяқтардан қорғану жолдары, заң бұзушылықтың жауапкершілігі туралы маңызды ақпараттар берілді.
Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкерлері




Ақпараттық - аналитикалық талдау







Үздік студенттер






