АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
КОЛЛЕДЖ БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ ТЕОЛОГ МАМАНМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін, 2025 жылы 28 наурыз күні колледж білім алушылары кітапханашы Ж.М. Битимбаеваның жетекшілігімен Н. Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Дін-діңгегіміз, дәстүр-даналығымыз» тақырыбында өткізілген сұқбат алаңына қатысты.
Шара қонағы «Аңсар» орталығының теолог маманы Сапар Саматұлы Саматов қазақтың ұлт ретінде сақталуы әрі рухани жаңғыруы, келешек ұрпақ тәрбиесінің түзелуі -дін мен дәстүрді тең ұстаған жағдайда ғана жүзеге асатынын, жастайынан рухани тұрғыдан мол байлық жинап өскен адам үлкен қызметке келген кезде әділетсіздікке, парақорлыққа ешқашан жол бермейтіндігін жеткізді.
Оқырмандар назарына «Дін тәрбиенің рухани тірегі» атты кітап көрмесі ұсынылып, ислам дінінің құндылығын көрсететін «Иман негіздері», «Ислам мәдениеті», М. Бұлұтайдың «Дін және ұлт», Марфуға Шапиянның «Тұлғалар өміріндегі ислам» және Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Шаһкәрім Құдайбердіұлы, Абай сияқты көрнекті ақындардың, ғұлама ойшылдардың кітаптары арқылы терең түсінік берілді.
Kолледжімізде «Тәрбиелі ұл – абыройлы әке» атты дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты:
- Әке мен ұл арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын түсіндіру.
- Ұлды тәрбиелеу үрдісінде әкенің рөлін көрсету.
- Әке тәрбиесінің ұрпақ болашағына әсерін талқылау.
Іс шараға Алматы аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мулдагалиев Б.Л, ардагер-ұстаз Келдибаев Х.Ж, колледждің ардагерлер кеңесінің төрағасы Габдсаттарова М.Г, колледж психологы Шүйінішбаева Г. С , ұстаздар, студенттер қатысты. Осы тақырып аясында әке мен ұл арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын, әкенің тәрбиелік рөлін, оның ұрпақ болашағына әсерін талқылады.
Ұстаздарымыз Бердыгалиев С.Е, Құрақбаев Р. М, Қаумешов Б. колледжде және қоғамдық өмірде бала тәрбиесіне қалай үлес қосатыны туралы ойларын ортаға салды. Қатысушы студенттеріміз өлең жолдарын арнап, өз ойларымен, пікірлерімен бөлісті.
Жауапты оқытушылар: Бердыгалиев С. Е, Сахитова М. А. Құрақбаев Р. М
Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкерлері




Ақпараттық - аналитикалық талдау







Үздік студенттер






