АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
«Молодежь. Наука. Транспорт» атты конференциясы
Кәсіби маман даярлауда жастардың шығармашылық мүмкіндіктері мен қызығушылықтарының дамуына, олардың әлеуметтік және кәсіби мамандық таңдауларына барынша ықпал етіп, Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі мен Ижевск қаласының темір жол колледжі арасындағы бірнеше жылдар бойы жалғасын тапқан екі жақты Меморандум арқасында оқытушылар мен студенттер ғылыми семинарлар мен конференцияларға қатыстырып, кадрлардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып, халықаралық озат тәжірибені жинақтау арқылы түлектерінің білім сапасы мен мамандықтың қыр-сырын терең меңгеруіне ерекше маңыз беріп келеді.
Осы жұмыстың жалғасы ретінде Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің студенттері Ресей федерациясы Удмуртия Республикасы Ижевск қаласында 03 сәуірде өткен «Молодежь. Наука. Транспорт» атты конференциясына Тауекел Мереке Э-23 топ студенті, жетекшісі Бондаренко Наталья Юрьевна және Тулегенов Саламат Т-21 топ студенті, жетекшісі Бердимуратова Калдыгуль Суйеужановна қатысты.
Ижевск қаласының темір жол техникумының директоры Коротков Сергей Леонидович колледж директоры Ералы Губайевичке және колледж директорының ОӘЖ орынбасары Марат Куангалиевичке Алдағы уақытта алар асуларыңыз бен бағындырар белестеріңіз мол болып, үлкен жетістіктерге жетулеріңізге тілектеспін. Шәкірттеріңіз биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіз ақтала берсін деп Алғыс хаттарын жолдап Конференция қортындысында
Колледж студенттері мен жетекшілері қанжығаларына екі І-деңгейдегі дипломдармен марапатталды.
“Aktobe IT Hub” базасында “Astana IT University”, “Қазақстан инжиниринг” ҒЗО “ ЖШС, “KazRobotics” Федерациясының ұйымдастыруымен, Caravan of Knowledge және “Drone.KZ” ЖШС қолдауымен “AITU KazRoboDrone 2.0” дрондарды симулятора ұшыру халықаралық конкурсыны
2025 жылғы 5 сәуірде “Aktobe IT Hub” базасында “Astana IT University”, “Қазақстан инжиниринг” ҒЗО “ ЖШС, “KazRobotics” Федерациясының ұйымдастыруымен, Caravan of Knowledge және “Drone.KZ” ЖШС қолдауымен “AITU KazRoboDrone 2.0” дрондарды симулятора ұшыру халықаралық конкурсының іріктеу турнирі өтті.
Конкурсқа оқушы, студент, педагог санаттары бойынша 30 қатысушы бақ сынады. Колледж атынан оқытушы Самат Айдарбек Саматұлы, студенттер Вячеслав Ернур Тимурұлы, Юрьев Давид Сергеевич, Тукашев Марк Маликович және Джалиманов Кайрат Азаматович қатысты. Астана қаласында өтетін халықаралық турниріне Джалиманов Кайрат Азаматович жолдама алды. Жеңімпаз атанған сутденттерді құттықтаймыз және оларға сәттілік пен жаңа жеңіс тілейміз!
"Қадам-life" облыстық кәсіби бағдар беру жобасы
"Қадам-life" облыстық кәсіби бағдар беру жобасы аясында ағымдағы жылдың 3 сәуірінде №22 жалпы білім беретін орта мектебіне Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледж директорының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары Альсуйеуов О.С; кәсіби бағдар беру жетекшісі Ожанова Қ.Қ ; арнайы пән оқытушысы Избасарова Э.Р және колледж студенттері жұмысшы мамандықтарын насихаттау мақсатында кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізіп, оқушыларға болашақ мамандықтарын таңдауда бағыт-бағдар берілді. Сондай-ақ мектеп әкімшілгімен өзара ынтымақтастық келісімге қол қойылды.
Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкерлері




Ақпараттық - аналитикалық талдау







Үздік студенттер






