АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
БОЛАШАҚ ТЕМІРЖОЛШЫЛАР МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Бүгін “Тасымалды ұйымдастыру және автоматика” бөлімінің ұйымдастыруымен “Мерейлі теміржолшы отбасы” іс-шарасы өткізілді.
Қаламызда ұрпақтан-ұрпаққа отбасылық құндылықтарды насихаттап, жоғары кәсіби мамандар әзірлеуге үлкен үлес қосып отырған еңбек әулеттері баршылық. Солардың бірі-үшінші буыны теміржол саласында еңбек етіп жүрген Қонқаев және Абуовтер әулеті.
Кездесуге келген қонақтар Э-15 тобының студенті Ғалымов Ақсұлтанның атасы, темір жол саласында 30 жыл еңбек еткен ардагер Қонқаев Ғалым мен Э-31 тобының студенті Қайыр Албинаның әкесі “Болат жол” фирмасының вагон шаруашылығы қызметкері Ақылбек Абуов, кәсіби білім мен адал еңбек, жетістіктерге жеткізетінін, темір жол саласы темірдей тәртіп, төзімділік пен жігерді талап ететіндігін айтып, болашақ теміржолшыларға батасын берді.
Ұлттық дәстүрді сақтаған, ата кәсіпті жалғастырған берекелі теміржолшылар әулетінің өнегесі болашақ теміржолшы жастарға қашанда үлгі.
Бүгін 1 Сәуір- Халықаралық құстар күніне орай, колледж білім алушылары «Taza Like» акциясы аясында оқу өндірістік шеберлерімен бірігіп, құстарға ұялар жасап, Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі ауласындағы ағаштарға орналастырды.
Шараның басты мақсаты – табиғаттағы құстарға қамқорлық көрсетіп, олардың тіршілігін сақтап қалу қажеттілігін насихаттау.
Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі — нағыз жұмысшы мамандықтарды оқытып, қажетті білім мен дағдыларды бере отырып, еңбек нарығына бейімделген мамандарды даярлайды.
Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі — нағыз жұмысшы мамандықтарды оқытып, қажетті білім мен дағдыларды бере отырып, еңбек нарығына бейімделген мамандарды даярлайды.
Оқу орны тек білім беру сапасы мен оқу бағдарламаларының кеңдігімен шектелмей, студенттерінің болашағына үлкен мүмкіндік ашатын білім ордасы.
Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкерлері




Ақпараттық - аналитикалық талдау







Үздік студенттер






