АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
*Біздің колледж – спортта да көшбасшы!*
2025 жылдың 13 мамыр күні өткен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері мен қызметкерлері арасында облыстық спартакиадасында Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі жалпы командалық есепте жүлделі 1 орын иеленді.
Облыстық спартакиадаға 24 колледжден 500-ден астам педагогтер мен қызметкерлер қатысып, волейбол, баскетбол, шағын футбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, асық ату және бес асық сияқты спорт түрлері бойынша өзара бақ сынасты.
Спартакиада қорытындысы бойынша колледжіміз келесі нәтижелерге қол жеткізді:
• Асық ату – І орын
• Волейбол (ерлер) – ІІ орын
• Шағын футбол – ІІ орын
• Тоғызқұмалақ – ІІІ орын
• Баскетбол – IV орын
• Бес асық – IV орын
• Үстел теннисі – V орын
• Волейбол (қыздар) – VI орын
Жалпыкомандалық жоғары көрсеткішіміздің нәтижесінде колледжіміз Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымы тарапынан қаржылай сыйақымен марапатталды.
Бұл жеңіс – ұжымымыздың ұйымшылдығы мен спортқа деген жоғары қызығушылығының айқын дәлелі. Колледжіміз алдағы уақытта да тек білім мен тәрбие саласында ғана емес, сонымен қатар бұқаралық спортты дамытуда да белсенділік таныта береді.
Ш.Х.Мустафинаның ұйымдастыруымен АСУ-11 топ студенттері “Әлия” мемориалды мұражайына саяхат жасады.
Ш.Х.Мустафинаның ұйымдастыруымен АСУ-11 топ студенттері “Әлия” мемориалды мұражайына саяхат жасады. Саяхат сабақтың мақсаты: Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орай студенттерді қазақ халқының қаһарман қызы Әлия Молдағұлованың өмірі, майдандағы ерлігі туралы тарихи деректер және құнды жәдігерлермен таныстыру. Өскелең ұрпаққа әскери – патриоттық тәрбие беру, ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеу
№3 орта мектебіне кәсіптік бағдар беру бойынша 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізіп, оқушыларға колледжде оқытылатын мамандықтар, олардың маңызы, артықшылықтары бойынша ақпараттар беріліп, буклеттер таратылды.
Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің арнайы пән оқытушылары Бакирова Р.У және Талмурзина А.О №3 орта мектебіне кәсіптік бағдар беру бойынша 9-11 сынып оқушыларына кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізіп, оқушыларға колледжде оқытылатын мамандықтар, олардың маңызы, артықшылықтары бойынша ақпараттар беріліп, буклеттер таратылды.
Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкерлері




Ақпараттық - аналитикалық талдау







Үздік студенттер






