Суреттерді қосу/өшіру Қаріп A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN
МЕНЮ

    Ақтөбе теміржол пайдалану техникумы 1932 жылы 20-шілдеде жол байланысы Халық Комиссариаты Жарлығымен  ашылды. Техникумда бір ғана «Теміржол қозғалысы» бөлімі жұмыс жасады. Онда орысша және қазақша оқитын 2 топ қана білім алды. Алғашында техникум фабрика-завод училищесінің, қазіргі ПТУ-1 ғимаратында орналасты.

Техникумның бірінші басшылық қызметін Ельховиков Б.М. атқарса, кейіннен Юсиков Л.В. басқарды. Ал 2009 жылдан бүгінгі күнге дейін колледжімізде техника ғылымдарының кандидаты, Ақтөбе облысының мәслихат депутаты Мухамбетпаизова Жеңісгүл Сағидоллақызы басшылық етіп келеді.

1936 жылы наурыз айында ең алғашқы қозғалысты басқару мамандығының 32 түлегі бітіріп шықты.

     1942 жылы «Жол шаруашылығының қозғалысын басқару және құрылыс» бөлімі ашылды. 1958 жылы Қазақстан территориясында Біртұтас  Қазақ теміржолы құрылды. Осы жылы техникумның №1 жатақханасы іске қосылды.

1960 жылы техникумда сырттай оқу бөлімі ашылды.
1968 жылы техникумның №2 жатақханасы пайдалануға берілді.
1970 жылы «Теміржол көлігіндегі автоматика және телемеханика» бөлімі ашылды.
1977 жылы «Тепловоз шаруашылығы» бөлімі өз жұмысын бастады.
1982 жылы теміржол көлігі мамандарын дайындауда жеткен жетістіктері үшін Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

     1984 жылы техникум қажетті оқу кабинеттері мен зертханалар, мәжіліс және спорт залы және асханамен жабдықталған жаңа үлгідегі оқу корпусына ие болды. 1989 жылы бухгалтер мамандықтарын дайындай бастады, ал 1991 жылы «Вагон шаруашылығы», «Жол және құрылыс машиналары» және «Теміржол көлігіндегі коммерциялық кәсіп» мамандықтары, ал 1992 жылы «Теміржол көлігіндегі электр байланыс» мамандығы ашылды.
     1995 жылы техникум Ақтөбе теміржол көлігі колледжі болып қайта құрылды. Сол жылы колледжде «Коммуникация жүйесі және байланыс желісі» мамандығы ашылды. 2001 жылы «Теміржол көлігіндегі электр тасымалдау» мамандығы ашылды.
     2006 жылдың қыркүйек айынан бастап «Түрлі-түсті металдар металлургиясы», «Әйнектен жасалған заттар және бөлшектерді өңдеу» және «Автомобиль жолдары мен аэродромдарды пайдалану және салу»      мамандықтары ашылды.
     2006 жылы Ақтөбе облыстық әкімшілігінің шешімімен «Ақтөбе теміржол көлігі колледжі» атауы «Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі» болып өзгертілді.
     2010 – 2011 оқу жылында колледждің жаңа №2 оқу корпусы пайдалануға берілді.

     Осы уақыт аралығында колледждің жеткен жетістіктері де ұшан-теңіз.
2010 жылы колледж «Облыстың ең үздік оқу орны» деп танылып, облыс әкімінің грантын иеленген.
2010 жылы «Ауылдың-гүлденуі, Қазақстанның-гүлденуі» жастар марафон-эстафетасында «Үздік білім беру ұйымы» деп танылып, облыс әкімі тағайындаған жүлде - автокөлікті иеленді.
2011 жылы Министр Б.Жұмағұловтың «Техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орнының үздігі» атты республикалық конкурста Металлургия саласы бойынша мамандар даярлауда жеткен жетістіктері үшін колледж бас жүлде дипломымен марапатталды.
     2011 жылы колледж оқытушылары арасында өткен ХІV облыстық Спартакиада бағдарламасы бойынша ұйымдастырылған командалық жарыста, колледж командасы АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ І-орын дипломымен марапатталды.  Қазіргі таңда колледжде 15 мамандық бойынша бес мыңнан астам студент білім алуда.

Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкерлері

Нұрғалиев Ералы Ғұбайұлы

Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар
колледжінің директоры

ҚР Білім және ғылым министрінің
«Қазақстан Республикасының білім
беру ісінің құрметті қызметкері» белгісі.

«Ақтөбе облысының құрметті ұстазы» атағының иегері

Куспанова Сауле Умбеткалиевна

Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар
колледжінің арнайы пән оқытушысы,
педагог - шебер

"Ы.Алтынсарин" төсбелгісінің иегері

Бердимуратова Калдыгуль Суйеужановна

Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа
технологиялар
колледжінің орыс тілі мен әдебиеті
пәні оқытушысы,

педагог - шебер

"Ы.Алтынсарин" төсбелгісінің иегері

Бондаренко Наталья Юрьевна

Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар
колледжінің арнайы пән оқытушысы,
педагог - шебер

"Ы.Алтынсарин" төсбелгісінің иегері

Ақпараттық - аналитикалық талдау

1089

Студенттер саны

21

Магистр

27

Педагог - зерттеуші

16

Педагог - сарапшы

26

Педагог - модератор

6

Педагог - шебер

141

Педагог

Үздік студенттер

Сайтта кімдер бар

Қазір 798 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

статистика

Қолданушылар
2
Материалдар
223
Материалды қарау саны
161346

Авторлық құқық

© 2024 АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ. Барлық құқықтары қорғалған.
Joomla! - GNU General Public License. лицензиясы бойынша таратылатын тегін программалық қамтама
© 2024 АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
website author: Idrissov K.ZH.