Суреттерді қосу/өшіру Қаріп A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN
МЕНЮ

Бүгін Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінде Тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақ халқының біртуар тұлғасы, әділ би, көреген жырау, ел тағдырын ойлаған қайраткер — Мөңке би Тілеуұлының 350 жылдығына орай рухани мұрасын насихаттауға арналған танымдық дөңгелек үстел өтті.
Шараның басты мақсаты – студент жастарға ұлттық тарихымыз бен әдебиетімізді терең таныстырып, елдік пен бірлікке, әділдік пен адамгершілікке тәрбиелеу болды.
Қонағымыз – Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Мемлекеттік қызмет ардагері Қанатпай Елеусізұлы, Мөңке би бабамыздың көрегендігі мен даналық сөздеріне тоқталып, жастарға өнегелі ой тастады.
Дөңгелек үстел барысында студенттеріміз баба өмірінен сыр шертіп, рухани құндылықтардың мәнін ұғынды.
Сонымен қатар, Мөңке би Тілеуұлының шығармашылығына арналған кітаптар көрмесі де ұйымдастырылып, жастардың тарихи танымын кеңейтуге үлес қосты.
“Ел болам десең — бесігіңді түзе” деген ұлы ұстанымды ұлықтай отырып, жас ұрпақты өнеге мен өрлікке жетелейтін шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек!

Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкерлері

Ақпараттық - аналитикалық талдау

Үздік студенттер

Сайтта кімдер бар

Қазір 307 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

статистика

Қолданушылар
3
Материалдар
452
Материалды қарау саны
362141

Авторлық құқық

© 2025 АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ. Барлық құқықтары қорғалған.
Joomla! - GNU General Public License. лицензиясы бойынша таратылатын тегін программалық қамтама
© 2025 АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
website author: Idrissov K.ZH.