On/Off images Font A A A Background Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN
МЕНЮ

Бүгін Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің мәжіліс залында «Спорт жұлдыздары» республикалық журналының бас редакторы, Қазақ Спорт және туризм академиясының құрметті профессоры, Қазақ журналистикасының қайраткері Мусағали Тасқалиевтің колледж студенттерімен TED х форматында кездесуі болып өтті.
Кездесу барысында Мусағали Сабырғалиұлы өзінің шығармашылығы және патриоттық бағытта атқарып жүрген істері туралы кеңінен баяндап берді. Білім алушыларға ой салатын өлеңдерін оқып, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Кездесуге құрметті қонақ болып келген патриоттық бағыттағы әнші-сазгер, ҚР Еңбек сіңірген қызметкері Орынгүл Исмағұлова өз кезегінде кеш иесінің сөзіне жазылған «Бауыржан батыр» және «Менің атам майдангер» әндерін орындаса, Технологиялық процесстерді автоматтандыру және басқару мамандығының 2 курс студенті Ажар Кәрімбай Мусағали Тасқалиев пен Орынгүл Исмағұлованың, Мәскеуде өткен «Родина Подвига-Родина Героя» халықаралық патриоттық әндер байқауының жеңімпазы атанған, Халық Қаһарманы Хиуаз Доспановаға арналған «Қанатты қыз – Хиуаз» әнін шырқады.
ұйымдастырушы-педагог Бекзат Қаумешов кеш соңында қонақтарға ризашылығын білдіріп, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру жолында атқарып жүрген істеріне сәттілік тіледі.

Honorary workers of Education of the Republic of Kazakhstan

Information and analytical analysis

The best students

Who is on the site

We have 179 guests and no members online

статистика

Users
3
Articles
426
Articles View Hits
346949

Copyright

Copyright © 2025 AKTOBE COLLEGE OF TRANSPORT, COMMUNICATIONS AND NEW TECHNOLOGIES. All Rights Reserved.
Joomla! is Free Software released under the GNU General Public License.
© 2025 AKTOBE COLLEGE OF TRANSPORT, COMMUNICATIONS AND NEW TECHNOLOGIES
website author: Idrissov K.ZH.