Бүгін, колледж кітапханасында “Оқуға құштар колледж “ жобасы бойынша “Әдеби шығарма мен оның кейіпкерлерін талқылау” тақырыбында әдеби сот өткізілді. Шараға ТМ - 11 тобының білім алушылары, топ жетекшісі Н.М.Тулемисова және ұйымдастырушы педагог Б.Б.Каумешов қатысты. Бұл әдеби сотқа белгілі жазушы Б.Майлиннің “Шұғаның белгісі” повесі алынды. Мақсаты: студенттер өздері оқыған шығарманың кейіпкерлерін сот үстінде талқылаудан үзінді көрсетті. Сонымен қатар, шығармадағы кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз жақтарын талқылады. Студенттер судья, қорғаушы, прокурор, сот хатшысы, куәгер, алқаби рөлдерін сомдап, сот процесін өткізді. Шараға қатысушылар әңгіменің кейіпкерлерін сот процесіне шақырып, шығарманың маңызды эпизодтарын көрсетті. Әдеби сот форматында өткен бұл іс-шара студенттердің қызығушылығын тудырып, олардың ерекше таланттарын көрсетуге тағы бір мүмкіндік берді. Қоғамдағы ескі көзқарастар мен шынайы сезімнің күресін таңдауға және махаббаттың қадірін түсінуге көмектеседі.
AKTOBE COLLEGE OF TRANSPORT,
COMMUNICATIONS AND NEW TECHNOLOGIES
МЕНЮ
“Оқуға құштар колледж “ жобасы бойынша “Әдеби шығарма мен оның кейіпкерлерін талқылау” тақырыбында әдеби сот өткізілді.
Honorary workers of Education of the Republic of Kazakhstan







Information and analytical analysis







The best students







website author: Idrissov K.ZH.