“Қадам-life” облыстық жобасы аясында Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар Колледж директорының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары Альсуйеуов О.С; және колледж студенттері 12-16 мамыр аралығында Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының 7-11 сынып оқушыларына жұмысшы мамандықтары бойынша кәсіби бағдар беру шараларын ұйымдастырды. Шара барысында оқушыларға колледж мамандықтары таныстырылып, шеберлік сабақтары мен тәжірибелік көрмелер өткізілді. Олар өндірістік мамандықтардың маңыздылығын түсініп, болашақ кәсібін таңдауға бағыт алды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram