AKTOBE COLLEGE OF TRANSPORT,
COMMUNICATIONS AND NEW TECHNOLOGIES
МОБИЛОГРАФИЯ: ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ҚАДАМ
17 сәуір 2025жылы колледж педагогтеріне арналған мобилография бойынша семинар-практикум өз дәрежесінде өтті. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – мобильді құрылғылар мен олардың камералық мүмкіндіктерін білім беру үдерісінде тиімді қолдану әдістерін үйрету болды.
Мобилография – бүгінгі таңда тек шығармашылықтың ғана емес, білім беру мен оқыту процесінің де ажырамас бөлігіне айналып отыр. Смартфондар арқылы оқытушылар мен студенттер оқу материалдарын түсіріп, сараптап, оны шығармашылық тұрғыдан талқылай алады. Бұл тек визуалды ақпаратты қабылдау мен шығармашылық қабілеттерді дамытуға ғана емес, сонымен қатар білім беру үдерісіне жаңа тыныс пен белсенділік қосуға мүмкіндік береді.
Семинар барысында мобилографияның білім беру саласындағы рөлі ерекше талқыланды. Семинар-практикум қатысушылары өздері әзірлеген жұмыстарын таныстырып, тәжірибелерімен бөлісті.
Бұл семинар-практикум білім саласындағы заманауи әдіс-тәсілдердің қолданылуын кеңейтіп, оқытушыларға жаңа мүмкіндіктер туғызып, кәсіби дамуға ықпал етеді.
Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі 14-17 сәуір аралығында №8 жалпы білім беретін мектептің 7-11 сынып оқушыларына жұмысшы мамандықтары бойынша кәсіби бағдар беру шараларын ұйымдастырды.
"Қадам-life" облыстық жобасы аясында Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі 14-17 сәуір аралығында №8 жалпы білім беретін мектептің 7-11 сынып оқушыларына жұмысшы мамандықтары бойынша кәсіби бағдар беру шараларын ұйымдастырды. Шара барысында оқушыларға колледж мамандықтары таныстырылып, шеберлік сабақтары мен тәжірибелік көрмелер өткізілді. Олар өндірістік мамандықтардың маңыздылығын түсініп, болашақ кәсібін таңдауға бағыт алды.
“Мөңке бидің өмірі мен шығармашылық қырлары” атты тағылымды дөңгелек үстел өтті
Бүгін Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінде Тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақ халқының біртуар тұлғасы, әділ би, көреген жырау, ел тағдырын ойлаған қайраткер — Мөңке би Тілеуұлының 350 жылдығына орай рухани мұрасын насихаттауға арналған танымдық дөңгелек үстел өтті.
Шараның басты мақсаты – студент жастарға ұлттық тарихымыз бен әдебиетімізді терең таныстырып, елдік пен бірлікке, әділдік пен адамгершілікке тәрбиелеу болды.
Қонағымыз – Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Мемлекеттік қызмет ардагері Қанатпай Елеусізұлы, Мөңке би бабамыздың көрегендігі мен даналық сөздеріне тоқталып, жастарға өнегелі ой тастады.
Дөңгелек үстел барысында студенттеріміз баба өмірінен сыр шертіп, рухани құндылықтардың мәнін ұғынды.
Сонымен қатар, Мөңке би Тілеуұлының шығармашылығына арналған кітаптар көрмесі де ұйымдастырылып, жастардың тарихи танымын кеңейтуге үлес қосты.
“Ел болам десең — бесігіңді түзе” деген ұлы ұстанымды ұлықтай отырып, жас ұрпақты өнеге мен өрлікке жетелейтін шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек!
Honorary workers of Education of the Republic of Kazakhstan







Information and analytical analysis







The best students






