Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN
МЕНЮ

Бүгін колледжімізде өмірінің 40 жылдан астам уақытын даңқты жерлесіміз Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың өмірін зерттеп, жас ұрпаққа ерлік өмір жолын насихаттап патриоттық тәрбие беруде өлешусіз еңбек сіңірген, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Ақтөбе облысының Құрметті азаматы, Ғалымжан Байдербесті еске алу шарасы өтті.

«Ерліктің шырақшысы» тақырыбындағы шараға Ғ. Байдербестің ұрпақтары жолдастары шәкірттері, Еңбек ардагері медалінің иегері, зейнеткер Сағынай Құсайынов, Ер-Бақыт спорттық патриоттық клубының төрағасы Марат Қойлыбаев, Әлия облыстық патриоттық орталығы басшысы Бағдаш Төпенова, Облыстық халық шығармашылығы орталығы, Әдеп халықтық тобының көркемдік жетекшісі Қуанышгүл Серікбаева, қызы Ақмарал Байдербес, колледж студенттері қатысты.

Жиналғандар алдымен колледж мұражайындағы Ғалымжан Ермағамбетұлының кітаптары, фото суреттерінен жасақталған бұрышты тамашалады. Салтанат залында өткен іс-шарада кітапхана меңгерушісі Гүлнар Нәсенқызы Ғ. Байдербестің кітаптарына шолу жасап, Марат Айтуғанұлы жастарға рухты, жігерлі, намысты болуға үндеді.

Педагог-ұйымдастырушы Бекзат Каумешов, Ғалымжан Байдербестің Әлияның ізбасарларына арнау өлеңін оқыса, «Әкеміз бар өмірін жастарға патриоттық тәрбие беруге, аялуы Әлия апамыздың өмірін зерттеуге арнады, осы шарада біз бен бірге отырғандай күйдемін»деп, толқынысын білдірген Ақмарал Ғалымжанқызы әкесінің есімін ұлықтағандары үшін жиналғандарға алғысын білдірді.

Еңбек пен ерліктің ешқашан ұмытылмайтынын көрсеткен әдемі шара болды.

Почетные работники образования Республики Казахстан

Информационно - аналитический анализ

Лучшие студенты

Кто на сайте

Сейчас на сайте 163 гостя и нет пользователей

статистика

Пользователи
3
Материалы
426
Кол-во просмотров материалов
343444

Авторские права

© 2025 АКТЮБИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ ТРАНСПОРТА, СВЯЗИ И НОВЫХ ТЕХНОЛОГИЙ. Все права защищены.
Joomla! - бесплатное программное обеспечение, распространяемое по лицензии GNU General Public License.
© 2025 АКТЮБИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ ТРАНСПОРТА, СВЯЗИ И НОВЫХ ТЕХНОЛОГИЙ
website author: Idrissov K.ZH.