Техникалық конференцияда арнайы пән оқытушылары Бондаренко Н.Ю., Ахметова Г.Т., Айчанова Д.А. өз баяндамаларымен бөлісіп, темір жол саласындағы жаңа инновациялар мен технологиялар туралы ақпараттар жеткізді. Техникалық конференция қонақтары Жұбанов Н.Е. – ПҚБО поезд диспетчері, Абдуллаев Ж.М. - Ақтөбе вокзалының ақпараттық жүйелер электромеханигі өз салаларындағы жаңа инновациялар таныстырып ақпарат берді. Студенттердің білімін, іскерлігі мен дағдыларын жандандыру, білімді кеңейту және жетілдіру мақсатында арнайы пән оқытушылары Тажбаева Г.А., Аменова Г.О. студенттермен викторина өткізіп, керемет көңіл күй сыйлады.