2025 жылдың 28 ақпанында колледжіміздің конференц-залында 1 наурыз — Алғыс айту күні мерекесіне орай, білім ордамыздың жарық, жылы, таза әрі әдемі болуына өз үлестерін қосып жүрген шаруашылық бөліміндегі әріптестерімізге құрмет көрсетілді.
Тәрбие жұмысы бөлімі мен кәсіподақ ұйымының ұйтқы болуымен ұйымдастырылған іс-шарада дастархан жайылып, демеушілер тарапынан арнайы сертификаттар мен сыйлықтар табысталды.
????Музыка жетекшісі Н. Абдуалиев пен өнерпаз студенттеріміздің мерекелік концерті және психолог-педагогтар ұйымдастырған қызықты ойындар, әріптестерімізге ерекше көңіл күй сыйлады.
Әрқашан жан-жақты көмек көрсетіп, еңбек етіп жүрген кіші қызметкерлерімізге шексіз алғысымызды білдіреміз!