Бүгін, 5 наурыз 2025 жылы, колледжіміздің мәжіліс залында Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған «ШЫН ЖҮРЕКТЕН...» атты мерекелік кешіміз өтті.
Тәрбие жұмысы бөлімі ұйымдастырған бұл шара білім алушыларымыздың аналарына арналып, ерекше көңіл күймен өтті. Мерекелік кешті колледж басшысының оқу әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары М.Қ. Рамазанов құттықтау сөзімен ашып, ардақты аналар мен аруларға мерекелік тілектерін білдірді.
Сонымен қатар, колледж директорының алғыс хатымен марапаттау рәсімі өтіп, аналарымыздың еңбегі мен көңіліне деген алғысымызды жеткіздік.
Өнерпаз білім алушыларымыз әсем сазды әуендерін, мың бұралған билерін арнап аналарға мерекелік көңіл күй сыйлады.
Кеш соңында кештің қадірменді қонақтары болған аналарға естелік сыйлықтар табыс етілді.
Бұл кеш тек аналарыңыздың қадірін арттырумен қатар, біз үшін үлкен қуаныш пен сый болды. Ардақты аналарымыз бен аруларымызды тағы да шын жүректен құттықтаймыз!