Бүгін, тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен 14 наурыз -«Амал күні» мерекесіне орай «Амал келді, жыл келді» мерекелік іс-шарасы өткізілді.
Мерекелік шараға арнайы шақырылған колледж ардагерлері қатысты. Мерекені құттықтау тілегімен ашқан білім саласы ардагерлері кеңесі төрағасының орынбасары, колледж түлегі Саркулов Салык Мухтарович, колледж ардагері Бақытжамал Есенғалиқызы көрісу күні мерекесімен колледж ұжымын және білім алушыларды құттықтап игі тілегін білдірді.
Өнерпаз жастар ән мен биден өнерлерін көрсетіп, колледж ардагері Хамит Жұбанұлы наурыз батасын беріп, басшының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Б. Абельпеисова ардагерлер мерекелік сыйлықтарын тарту етті.
Кеш соңында білім алушылар ардегрелерімізбен естелік суретке түсті.