Бүгін “Тасымалды ұйымдастыру және автоматика” бөлімінің ұйымдастыруымен “Мерейлі теміржолшы отбасы” іс-шарасы өткізілді.
Қаламызда ұрпақтан-ұрпаққа отбасылық құндылықтарды насихаттап, жоғары кәсіби мамандар әзірлеуге үлкен үлес қосып отырған еңбек әулеттері баршылық. Солардың бірі-үшінші буыны теміржол саласында еңбек етіп жүрген Қонқаев және Абуовтер әулеті.
Кездесуге келген қонақтар Э-15 тобының студенті Ғалымов Ақсұлтанның атасы, темір жол саласында 30 жыл еңбек еткен ардагер Қонқаев Ғалым мен Э-31 тобының студенті Қайыр Албинаның әкесі “Болат жол” фирмасының вагон шаруашылығы қызметкері Ақылбек Абуов, кәсіби білім мен адал еңбек, жетістіктерге жеткізетінін, темір жол саласы темірдей тәртіп, төзімділік пен жігерді талап ететіндігін айтып, болашақ теміржолшыларға батасын берді.
Ұлттық дәстүрді сақтаған, ата кәсіпті жалғастырған берекелі теміржолшылар әулетінің өнегесі болашақ теміржолшы жастарға қашанда үлгі.