Бүгін Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінде Тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақ халқының біртуар тұлғасы, әділ би, көреген жырау, ел тағдырын ойлаған қайраткер — Мөңке би Тілеуұлының 350 жылдығына орай рухани мұрасын насихаттауға арналған танымдық дөңгелек үстел өтті.
Шараның басты мақсаты – студент жастарға ұлттық тарихымыз бен әдебиетімізді терең таныстырып, елдік пен бірлікке, әділдік пен адамгершілікке тәрбиелеу болды.
Қонағымыз – Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Мемлекеттік қызмет ардагері Қанатпай Елеусізұлы, Мөңке би бабамыздың көрегендігі мен даналық сөздеріне тоқталып, жастарға өнегелі ой тастады.
Дөңгелек үстел барысында студенттеріміз баба өмірінен сыр шертіп, рухани құндылықтардың мәнін ұғынды.
Сонымен қатар, Мөңке би Тілеуұлының шығармашылығына арналған кітаптар көрмесі де ұйымдастырылып, жастардың тарихи танымын кеңейтуге үлес қосты.
“Ел болам десең — бесігіңді түзе” деген ұлы ұстанымды ұлықтай отырып, жас ұрпақты өнеге мен өрлікке жетелейтін шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек!