“Қадам-life” облыстық жобасы аясында Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар Колледж директорының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары Альсуйеуов О.С; арнайы пән оқытушылары Максутова Г.Е; Жилкишина С.К және колледж студенттері 28-30 сәуір аралығында №18 жалпы білім беретін мектептің 7-11 сынып оқушыларына жұмысшы мамандықтары бойынша кәсіби бағдар беру шараларын ұйымдастырды. Шара барысында оқушыларға колледж мамандықтары таныстырылып, шеберлік сабақтары мен тәжірибелік көрмелер өткізілді. Олар өндірістік мамандықтардың маңыздылығын түсініп, болашақ кәсібін таңдауға бағыт алды.