2025 жылдың 13 мамыр күні өткен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері мен қызметкерлері арасында облыстық спартакиадасында Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі жалпы командалық есепте жүлделі 1 орын иеленді.
Облыстық спартакиадаға 24 колледжден 500-ден астам педагогтер мен қызметкерлер қатысып, волейбол, баскетбол, шағын футбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, асық ату және бес асық сияқты спорт түрлері бойынша өзара бақ сынасты.
Спартакиада қорытындысы бойынша колледжіміз келесі нәтижелерге қол жеткізді:
• Асық ату – І орын
• Волейбол (ерлер) – ІІ орын
• Шағын футбол – ІІ орын
• Тоғызқұмалақ – ІІІ орын
• Баскетбол – IV орын
• Бес асық – IV орын
• Үстел теннисі – V орын
• Волейбол (қыздар) – VI орын
Жалпыкомандалық жоғары көрсеткішіміздің нәтижесінде колледжіміз Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымы тарапынан қаржылай сыйақымен марапатталды.
Бұл жеңіс – ұжымымыздың ұйымшылдығы мен спортқа деген жоғары қызығушылығының айқын дәлелі. Колледжіміз алдағы уақытта да тек білім мен тәрбие саласында ғана емес, сонымен қатар бұқаралық спортты дамытуда да белсенділік таныта береді.
АКТЮБИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ ТРАНСПОРТА,
СВЯЗИ И НОВЫХ ТЕХНОЛОГИЙ
МЕНЮ
*Біздің колледж – спортта да көшбасшы!*
Почетные работники образования Республики Казахстан







Информационно - аналитический анализ







Лучшие студенты







website author: Idrissov K.ZH.