АКТЮБИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ ТРАНСПОРТА,
СВЯЗИ И НОВЫХ ТЕХНОЛОГИЙ
Студенттер күні
Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технология колледжінің 2 ші жатақхана студенттер үйінде, студенттер күніне арналған мерекелік шара өтті. Жатақхана студенттері өз өнерлерін ортаға салды. Мерекелік шарада белсенді студенттерге мақтау қағазы тапсырылды. Түрлі ойындар ойнатылды. Мерекелік шара көңілді де әсерлі өтті.
“Мен кіммін?” “Менің қоғамдағы орным” тақырыбында кездесу
Колледждің әлеуметтік педагогі мен психологтары 1-2 курс студенттеріне “Мен кіммін?” “Менің қоғамдағы орным” тақырыбында кездесу ұйымдастырды. Студенттер өз ойларын еркін айтуға,басқаның пікірін сыйлай, тыңдай білуге бағыт - бағдар алып, қоғамға деген азаматтық жақсы қарым - қатынас орнату көзделді.
"ELEVATOR" жобасы
Бүгін, Ақтөбе қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясының бастамасымен ұйымдастырылған “Ақтөбе JASTARY” жоспары, Сағи Жиенбаев атындағы кітапханада “elevator” жобасымен жалғасын тапты. Жобаға, қалалық мәслихат төрағасы Анар Даржанова және қалалық маслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері және колледжіміздің студенттері қатысты. Жалпы тренинг өте қызықты, ауқымды өтті. Өз кезегінде студенттер пікірлерін ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті.
Почетные работники образования Республики Казахстан
Информационно - аналитический анализ
Лучшие студенты







