АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
№18 жалпы білім беретін мектептің 7-11 сынып оқушыларына жұмысшы мамандықтары бойынша кәсіби бағдар беру шараларын ұйымдастырды.
“Қадам-life” облыстық жобасы аясында Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар Колледж директорының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары Альсуйеуов О.С; арнайы пән оқытушылары Максутова Г.Е; Жилкишина С.К және колледж студенттері 28-30 сәуір аралығында №18 жалпы білім беретін мектептің 7-11 сынып оқушыларына жұмысшы мамандықтары бойынша кәсіби бағдар беру шараларын ұйымдастырды. Шара барысында оқушыларға колледж мамандықтары таныстырылып, шеберлік сабақтары мен тәжірибелік көрмелер өткізілді. Олар өндірістік мамандықтардың маңыздылығын түсініп, болашақ кәсібін таңдауға бағыт алды.
“Оқуға құштар колледж “ жобасы бойынша “Әдеби шығарма мен оның кейіпкерлерін талқылау” тақырыбында әдеби сот өткізілді.
Бүгін, колледж кітапханасында “Оқуға құштар колледж “ жобасы бойынша “Әдеби шығарма мен оның кейіпкерлерін талқылау” тақырыбында әдеби сот өткізілді. Шараға ТМ - 11 тобының білім алушылары, топ жетекшісі Н.М.Тулемисова және ұйымдастырушы педагог Б.Б.Каумешов қатысты. Бұл әдеби сотқа белгілі жазушы Б.Майлиннің “Шұғаның белгісі” повесі алынды. Мақсаты: студенттер өздері оқыған шығарманың кейіпкерлерін сот үстінде талқылаудан үзінді көрсетті. Сонымен қатар, шығармадағы кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз жақтарын талқылады. Студенттер судья, қорғаушы, прокурор, сот хатшысы, куәгер, алқаби рөлдерін сомдап, сот процесін өткізді. Шараға қатысушылар әңгіменің кейіпкерлерін сот процесіне шақырып, шығарманың маңызды эпизодтарын көрсетті. Әдеби сот форматында өткен бұл іс-шара студенттердің қызығушылығын тудырып, олардың ерекше таланттарын көрсетуге тағы бір мүмкіндік берді. Қоғамдағы ескі көзқарастар мен шынайы сезімнің күресін таңдауға және махаббаттың қадірін түсінуге көмектеседі.
“Температура мен деңгей өлшейтін құралдардың түрлері мен жұмысы” тақырыбында сайыс сабақ өткізді.
Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің “Автоматтандыру” пәндер бірлестігінің пәндік апталығы аясында арнайы пәндер оқытушылары Зурбаева Зауреш Ахметовна мен Аккушкарова Жанат Кадрбаевна АСУ-25, АСУ-31 топтарында “Температура мен деңгей өлшейтін құралдардың түрлері мен жұмысы” тақырыбында сайыс сабақ өткізді. Сабак үстінде студенттер белсенді болып, сабақ тартымды өтті.
Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкерлері
Ақпараттық - аналитикалық талдау
Үздік студенттер






