АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі 14-17 сәуір аралығында №8 жалпы білім беретін мектептің 7-11 сынып оқушыларына жұмысшы мамандықтары бойынша кәсіби бағдар беру шараларын ұйымдастырды.
"Қадам-life" облыстық жобасы аясында Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі 14-17 сәуір аралығында №8 жалпы білім беретін мектептің 7-11 сынып оқушыларына жұмысшы мамандықтары бойынша кәсіби бағдар беру шараларын ұйымдастырды. Шара барысында оқушыларға колледж мамандықтары таныстырылып, шеберлік сабақтары мен тәжірибелік көрмелер өткізілді. Олар өндірістік мамандықтардың маңыздылығын түсініп, болашақ кәсібін таңдауға бағыт алды.
МОБИЛОГРАФИЯ: ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ЖАҢА ҚАДАМ
17 сәуір 2025жылы колледж педагогтеріне арналған мобилография бойынша семинар-практикум өз дәрежесінде өтті. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – мобильді құрылғылар мен олардың камералық мүмкіндіктерін білім беру үдерісінде тиімді қолдану әдістерін үйрету болды.
Мобилография – бүгінгі таңда тек шығармашылықтың ғана емес, білім беру мен оқыту процесінің де ажырамас бөлігіне айналып отыр. Смартфондар арқылы оқытушылар мен студенттер оқу материалдарын түсіріп, сараптап, оны шығармашылық тұрғыдан талқылай алады. Бұл тек визуалды ақпаратты қабылдау мен шығармашылық қабілеттерді дамытуға ғана емес, сонымен қатар білім беру үдерісіне жаңа тыныс пен белсенділік қосуға мүмкіндік береді.
Семинар барысында мобилографияның білім беру саласындағы рөлі ерекше талқыланды. Семинар-практикум қатысушылары өздері әзірлеген жұмыстарын таныстырып, тәжірибелерімен бөлісті.
Бұл семинар-практикум білім саласындағы заманауи әдіс-тәсілдердің қолданылуын кеңейтіп, оқытушыларға жаңа мүмкіндіктер туғызып, кәсіби дамуға ықпал етеді.
«Педагог – Студент - Кәсіби маман: теориядан - практикаға» тақырыбында work-shop ұйымдастырылды.
«Автоматтандыру және робототехника» бөлімі, «Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару» мамандығының арнайы пән оқытушыларымен бірлесе отырып «Педагог – Студент - Кәсіби маман: теориядан - практикаға» тақырыбында work-shop ұйымдастырылды.
Мақсаты: Педагог – Студент - Кәсіби маман арасындағы кәсіби сабақтастықты нығайту, педагогикалық шығармашылық пен кәсіби шеберлікті көрсету, «Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару» мамандығы түлектерінің қатысуымен тәжірибе алмасу. Колледж түлектері: Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжінің «Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша арнайы пән оқытушысы - Мусит Амандық Қасенғалиұлы; ЖШС «Ақтөбе рельс – арқалық зауытында автоматтандырылған пеш бөлімінде металл қыздырушы маманы - Имагулов Нурбек Серикович; Ақтөбе облысы әкімі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшесі - Анапин Дінмухамед Жәнібекұлы, «КР АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ӨРТ СӨНДІРУ ЖӘНЕ АВАРИЯЛЫҚ-ҚҰТҚАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚЫЗМЕТІ» ММ-нің азаматтық қорғау аға лейтенанты, Карауыл бастығы - Қуанышбай Балтабек Еркінұлы; Қарашығанақ кен өндіру зауыты. Автоматтандыру инженері - Сағатбек Қасымжомарт Нұрланұлы қатысып өз іс – тәжірибелерімен бөлісті.
Педагог – бағыт беруші, студент – ізденуші, ал кәсіби маман – нәтижесі. Осы үштік бірлесе жұмыс жасаса, болашақ жарқын болмақ.
Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкерлері
Ақпараттық - аналитикалық талдау
Үздік студенттер






