АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
«ШЫН ЖҮРЕКТЕН...» – 8 НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН ДУМАНДЫ КЕШ ӨТТІ.
Бүгін, 5 наурыз 2025 жылы, колледжіміздің мәжіліс залында Халықаралық әйелдер күніне орай ұйымдастырылған «ШЫН ЖҮРЕКТЕН...» атты мерекелік кешіміз өтті.
Тәрбие жұмысы бөлімі ұйымдастырған бұл шара білім алушыларымыздың аналарына арналып, ерекше көңіл күймен өтті. Мерекелік кешті колледж басшысының оқу әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары М.Қ. Рамазанов құттықтау сөзімен ашып, ардақты аналар мен аруларға мерекелік тілектерін білдірді.
Сонымен қатар, колледж директорының алғыс хатымен марапаттау рәсімі өтіп, аналарымыздың еңбегі мен көңіліне деген алғысымызды жеткіздік.
Өнерпаз білім алушыларымыз әсем сазды әуендерін, мың бұралған билерін арнап аналарға мерекелік көңіл күй сыйлады.
Кеш соңында кештің қадірменді қонақтары болған аналарға естелік сыйлықтар табыс етілді.
Бұл кеш тек аналарыңыздың қадірін арттырумен қатар, біз үшін үлкен қуаныш пен сый болды. Ардақты аналарымыз бен аруларымызды тағы да шын жүректен құттықтаймыз!
Проведение акции «Письмо маме».
Стало уже традицией в предверии международного женского дня 8 Марта проведение акции «Письмо маме», это дает возможность сказать добрые слова , выразить свои чувства самому близкому человеку и увидеть реакцию любви к себе. Это укрепляет отношения между подростком и его мамой. Формирует ценностные отношения к близким людям и
дает возможность получить позитивную обратную связь от своих родителей.
«Мамандығым мақтанышым» атты ашық есік күні өтті.
21.02.25 жылы мамандықтар апталығы аясында «Мамандығым мақтанышым» атты ашық есік күні өтті. №14, №42, №53 мектептер шақырылды. Мектеп оқушыларына экскурсия жүргізіліп, мамандықтар бойынша таныстырылды.
Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкерлері




Ақпараттық - аналитикалық талдау







Үздік студенттер






