АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
3 курс студенттері №42 орта мектеп КММ-нің тәрбие айлығы аясында өткізілген « Жұмысшы - мамандықтар жылы» шарасына қатысты.
Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің 3 курс студенттері №42 орта мектеп КММ-нің тәрбие айлығы аясында өткізілген « Жұмысшы - мамандықтар жылы» шарасына қатысып, «Шығармашылық шешімдер» номинациясына иеленді.
ШАРУАШЫЛЫҚ БӨЛІМІНДЕГІ ӘРІПТЕСТЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
2025 жылдың 28 ақпанында колледжіміздің конференц-залында 1 наурыз — Алғыс айту күні мерекесіне орай, білім ордамыздың жарық, жылы, таза әрі әдемі болуына өз үлестерін қосып жүрген шаруашылық бөліміндегі әріптестерімізге құрмет көрсетілді.
Тәрбие жұмысы бөлімі мен кәсіподақ ұйымының ұйтқы болуымен ұйымдастырылған іс-шарада дастархан жайылып, демеушілер тарапынан арнайы сертификаттар мен сыйлықтар табысталды.
🎶Музыка жетекшісі Н. Абдуалиев пен өнерпаз студенттеріміздің мерекелік концерті және психолог-педагогтар ұйымдастырған қызықты ойындар, әріптестерімізге ерекше көңіл күй сыйлады.
Әрқашан жан-жақты көмек көрсетіп, еңбек етіп жүрген кіші қызметкерлерімізге шексіз алғысымызды білдіреміз!
“Тартуға арналған жылжымалы құрамды жөндеуші слесарь” құзыреттілігі бойынша колледж ішілік іріктеу
“Цифрлық технологиялар мен инновациялар дәуіріндегі теміржол мамандықтары” тақырыбындағы “Жылжымалы құрам” бірлестігінің апталығы аясында “Тартуға арналған жылжымалы құрамды жөндеуші слесарь” құзыреттілігі бойынша колледж ішілік іріктеу Worldskills - 2025” чемпионаты 26 ақпан күні өтті. Жауапты оқытушы: Бердыгалиев Серик Есбергенович
Негізгі мақсаты: жас мамандарды кәсіби дағдылар мен біліктіліктерін арттыру, оларға әлемдік стандарттарға сай келетін тәжірибе алу мүмкіндігін беру.
Сайыс тест тапсыру, жеке тапсырмалар, практикалық тапсырмаларды орындау кезеңдерінен тұрды.
Кәсіби шеберлік байқауы-бұл кәсіптік даярлық деңгейін арттыру, мамандықты дамыту және танымал ету мақсатында өткізілетін сабақтан тыс жұмыстың ең прогрессивті түрлерінің бірі.
Іріктеу бірнеше маңызды міндеттерді орындайды: дарынды білім алушыларды анықтайды,тәжірибе алмасуға жағдай жасайды, жеке және кәсіби өсуді ынталандырады.
Теориялық және практикалық кезеңдерді бағалау балдық жүйе бойынша жүргізілді. Әрбір операцияны орындағаннан кейін қазылар алқасы нәтижелерді бағалау парағына енгізе отырып, орындалған жұмысты бағалады.
Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкерлері




Ақпараттық - аналитикалық талдау







Үздік студенттер






