“Инновация, цифрлық трансформация және жасанды интеллект: Болашаққа жаңа қадам” атты апталық шеңберінде, 14.04.2025 ж. күні, колледж оқушылары С.У.Куспанова мен Ж.А. Джаилибаеваның ұйымдастыруымен Э - 15 тобында «Қиялыңда елестете білу-ой - өрісіңді дамыту” тақырыбында сыныптан тыс шара өтті.
Шараның құзіреттілікке бағытталған мақсаты:
студенттердің ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын,танымдық белсенділігін және пәнге қызығушылығын арттыру. Шара барысында білімдар студенттеріміз екі топқа бөлініп өз білімдерімен сайысып оқу барысында алған білімдерін, шығармашылықтарын көрсетті.