Бүгін,Ақтөбе қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау комиссиясының бастамасымен “АҚТӨБЕ JASTARY” бір айлық жобасы аясында, Ақтөбе қаласы полиция басқармасы, “ Астана” және “ Алматы” ауданы әкімдіктерінің қолдауымен,Алға ауданы, Бестамақ төріндегі Тама Есет батыр кесенесіне бір топ колледж студенттері жол тартып ,қасиетті батыр бабамыздың басына құран бағыштап қайтты.
Есет Бабамыздың ерлігін дәріптеп,үлкен мавзолейін ашып, киіз үй үлгісіндегі мұражай тұрғызылғаны көңілге қуаныш ұялатып қана қоймай, өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеп, бабалар тарихын білуге, үлкен мағұлымат алуға үлкен көмегін тигізген іс шара болды. Батырдың өмірі мен ерлік істері, өнегелі жолы өскелең ұрпақтың санасында жаңғырады деген үмітке жетелейтіні анық.
Асылы болған бабаларымыздың, ардақты қаһармандарымыздың иманы саламатта болсын!