Бүгін 24 қазан күні Ақтөбе көлік,байланыс және жаңа технологиялар колледжі мәжіліс залында «Мәңгілік жаса,қыран елім Қазақстаным» тақырыбында Республика күніне арналған кеңейтілген іс-шара өтті.
Салтанатты ұлттық шарада колледж ұжымын, оқытушылар құрамы мен студент жастарды басшысының уақытша міндетін атқарушы Бурибаев Асылбек Салжанұлы Республка күнімен ресми құттықтады.
Одан кейін техникалық кәсіптік білім беру саласында ұзақ жыл абройлы еңбек етіп колледж мәртебесінің асқақтауына айрықша үлес қосқан бір топ білім ордамыздың ұстаздары мен қызметкерлерін Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министірлігінің ,Ақтөбе облыстық білім басқармасының құрмет грамотасы және алғыс хаты, Ы.Алтынсарин төс белгісімен, AMANAT партиясының Ақтөбе облыстық филиалының Алғыс хатымен марапаттады.
Кеш соңы мерекелік концертке ұласты.