Бүгін 9-ақпан күні, Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі студенттерінің Ақтөбе қаласы, Алматы ауданы №3 қалалық полиция бөлімінің бастығы полиция полковнигі Есмуханов Есбол Жексеналиұлы, Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы полиция капитаны Елеусізов Айтұрған Нұрдаулетұлы, полиция капитаны колледжге бекітілген инспектор Алмат Ниеталин мен желілік полиция бөлімшесінің инспекторы полиция летинанты Тойманов Амандық Қонысбайұлымен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатындағы кездесу өткізілді.
Кәмелетке толмағандарға қатысты және олар жасаған қылмыстарды анықтау және жолын кесу мақсатында 1-5 ақпан аралығында облыс аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы басталды. Ал 8-12 ақпан аралығында екінші кезеңін өткізу жоспарланып отырғандығына тоқталған қонақтар студент жастарды құқықбұзушылықтан аулақ болуға, темір жол бойындағы жүргіншілерге арналған жолмен ғана өтуге, ережесін қатаң сақтауға шақырып ағалық кеңестерін берді.
Кездесу соңында білім алушылар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, нақты жауаптарын алып, өздерінің ой пікірлерімен бөлісті.
АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
МЕНЮ
«ТӘРТІПКЕ БАҒЫНҒАН ҚҰЛ БОЛМАЙДЫ»

Үздік студенттер






website author: Idrissov K.ZH.