АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ
ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
ҮЛКЕНДЕР ЖОЛЫ – ҰЛЫЛЫҚ, ҰРПАҒЫ ЖҮРЕР ҰҒЫНЫП тақырыбындағы тәрбие сағаты мұражайда өтті.
📌Бүгін, колледж "ЕСТЕЛІК" мұражайында Э-13, А-11 топтарының топ жетекшілері Н.Ю.Бондаренко мен А.Ә. Сәрсенованың ұйымдастыруымен тәрбие сағаты өткізілді.
📌Тәрбие сағаты барысында мұражайдың тарихи ғасырға жуық колледжіміздің жүріп өткен жолдарымен, еңбек еткен ардагерлер өмірбаянымен, бүгінде темір жол саласында жұмыс жасап жүрген кәсіби түлектеріміздің сабақ үлгерім кітапшаларын көріп, Ақтөбедегі алғашқы темір жол тарихымен танысып, әсерлерімен бөлісті.
✍️Аталмыш іс-шара соңында топ жетекшілері мұражай қызметкері Б.Қаумешовке жастарға патриоттық тәрбие беру жолындағы еңбегіне алғысын білдіріп, алдағы уақытта да осындай тәрбие сағаттарын бірлесе ұйымдастыруға шақырды.
ОТС-11 ТОБЫ СТУДЕНТТЕРІ КОЛЛЕДЖ МҰРАЖАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ
📌Бүгін колледж мұражайы жоспарына сәйкес, колледжге жаңадан қабылданған ОТС-11 тобының студенттері топ жетекшісі Меруерт Музафарованың ұйымдастыруымен колледждіміздің"ЕСТЕЛІК " мұражайына саяхаттап келді.
✍️Мұражай экспонаттарымен колледжіміздің биылғы мерейлі 91 жылдығындағы тарихи жолының материал деректерімен танысып ақпарат алды.
📷Өздерінің музейден алған әсерлерімен бөлісіп, естелік суретке түсті.
Құрметті ата-аналар!
Балаңызға халықаралық жарыстарға бару үшін қаржыландыру қажет пе?
«Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры «Жас таланттар» жобасы шеңберінде жол жүру гранттарын ұсыну бойынша өтінімдерді қабылдайды.
Жол жүру гранттары 16 жасқа дейінгі балаларға конкурстарға, олимпиадаларға, фестивальдарға, ғылыми конференцияларға, спорттық жарыстарға және басқа да іс-шараларға қатысу үшін беріледі. Өтінімдер https://sk-trust.kz/kk/ сайттында қабылданады, мұнда сіз жоба ережелерімен таныса аласыз. Сұрақтар туындаған жағдайда +7 (7172) 57-68-98 нөмірі бойынша call орталыққа хабарласуға болады.