Бүгін, кітапханада «Оқуға құштар - колледж» тұжырымдамасы бойынша «24 қазан кітапханашылар» күніне орай «Кітапханашы-демек креативті» тақырыбында шара өтті. Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алуы үшін жан-тәнімен беріліп, қызмет атқарып жатқан кітапханашылардың еңбегі ұшан-теңіз. Кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы - кітапханашылар. Шара барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Х.Абельпеисованың ұйымдастыруымен студенттер мен топ жетекшілері және бөлім меңгерушілері кітапхана қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жақсы көңіл-күйі сыйлады.
АКТЮБИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ ТРАНСПОРТА,
СВЯЗИ И НОВЫХ ТЕХНОЛОГИЙ
МЕНЮ