АКТЮБИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ ТРАНСПОРТА,
СВЯЗИ И НОВЫХ ТЕХНОЛОГИЙ
КОЛЛЕДЖДЕ АМАЛ МЕРЕКЕСІ ҰЛЫҚТАЛДЫ
Бүгін, тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен 14 наурыз -«Амал күні» мерекесіне орай «Амал келді, жыл келді» мерекелік іс-шарасы өткізілді.
Мерекелік шараға арнайы шақырылған колледж ардагерлері қатысты. Мерекені құттықтау тілегімен ашқан білім саласы ардагерлері кеңесі төрағасының орынбасары, колледж түлегі Саркулов Салык Мухтарович, колледж ардагері Бақытжамал Есенғалиқызы көрісу күні мерекесімен колледж ұжымын және білім алушыларды құттықтап игі тілегін білдірді.
Өнерпаз жастар ән мен биден өнерлерін көрсетіп, колледж ардагері Хамит Жұбанұлы наурыз батасын беріп, басшының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Б. Абельпеисова ардагерлер мерекелік сыйлықтарын тарту етті.
Кеш соңында білім алушылар ардегрелерімізбен естелік суретке түсті.
Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің студенттері арасында “Салауатты өмір-нұрлы болашақ” атты “Дене шынықтыру” бірлестігінің он күндігінің ашылу салтанатына қол күрес жарысы ұйымдастырылды.
2025 жылдың 11 наурызында Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің студенттері арасында “Салауатты өмір-нұрлы болашақ” атты “Дене шынықтыру” бірлестігінің он күндігінің ашылу салтанатына қол күрес жарысы ұйымдастырылды. Шараға 100 жуық студенттер қатысып, қызығушылық танытты. Жарысты ұйымдастырушы дене тәрбиесі пәні оқытушысы Бакиров Қуаныш Рамазанович. Жарыс өте қызықты да тартысты өтті. -70 кг дейін салмақта 3 орын Айбеков Ерназар Т-21 тобы , Төлеген Жалғас Э-31 тобы студенті 2 орынға ие болса осы салмақтың жеңемпазы Мухамбет Али В 31 тобының студенті жүлделі 1 орынға ие болды. Ал +70 жоғарғы салмақта жүлделі 3-орын Мамайұлы Олжас Т -15 тобының студенті алды. 2-орынға ие болған Ожан Шыңғыс Э-12 тобы.Жүлделі осы салмақтың жеңімпазы КГРЭТ 305 тобының студенті Сұлтанғалиев Аят жеңімпаз атанды.
Облыстық «Қадам - Life» жобасы аясында №78 мектеп-гимназиясында жұмысшы мамандықтарын дәріптеу мақсатында кәсіби бағдар беру шарасы ұйымдастырылды.
Колледж директорының кәсіптік оқыту жөніндегі орынбасары Альсуйеуов О.С; кәсіби бағдар беру жетекшісі Ожанова Қ.Қ және колледж студенттері
1. «Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару»
2. «Технологиялық процестерді автоматтандыру және басқару»
3. «Автоматика, телемеханика және темір жол көлігінде қозғалысты басқару»
4. «Темір жолдың жылжымалы тартқыш құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету»
5. «Темір жолдың вагондар мен рефрижераторлы жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету»
6. «Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы»
7. «Темір жол көлігінде жедел технологиялық байланыс құрылғыларын пайдалану»
8. «Электр жабдықтры (түрлері және салалары бойынша)»
9. «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандықтары бойынша көрме ұйымдастырып, оқу ордамыздың мамандықтарының ерекшеліктері мен талаптары туралы толық ақпарат берді. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында викторина жүргізілді. Мектеп оқушыларының болашақта мамандықты дұрыс таңдауда дұрыс шешім қабылдауға ықпал білдірді.
Почетные работники образования Республики Казахстан







Информационно - аналитический анализ







Лучшие студенты






