АКТЮБИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ ТРАНСПОРТА,
СВЯЗИ И НОВЫХ ТЕХНОЛОГИЙ
Жастардың қоғамдық қызметі: Мүмкіндіктер мен жауапкершілік»
Жастардың қоғамдық қызметі: Мүмкіндіктер мен жауапкершілік»
⚖️ Құқық бұзушылықтың алдын алу, буллингпен күресу және жастардың қауіпсіз ортада дамуына бағытталған кеш өтті!
Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі «Тасымалды ұйымдастыру және автоматика» бөлімінің ұйымдастыруымен өткен бұл шарада жастардың қоғамдық қызметі, жауапкершілігі мен құқық бұзушылықты болдырмау мәселелері талқыланды.
Кешіміздің мақсаты — жастарға дұрыс бағыт көрсету, құқықтық сауаттылықтарын арттыру және колледжімізде қауіпсіз орта қалыптастыру.
???? Спикерлер:
1. Артыгалин Самғат Жанболатұлы – Облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы
2. Тыныштық Алишер Өнерұлы – «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанаты Ақтөбе облыстық филиалының төрағасы
3. Әзиев Артур Ізіметұлы – Ақтөбе облысының жасыл ел жастақтары төрағасының орынбасары
Спикерлер жастарды сапалы білім алып, кәсіби маман болуға, құқық бұзушылықтан аулақ болып, еліміздің болашағын бірге құруға шақырды.
Кеш қонақтары колледжіміздің техникалық базасымен танысып, пән оқытушыларымен пікір алмасып, жастар саясаты бойынша бірлесе атқарылатын жұмыстар туралы әңгімелесті.
Әрбір жас — біздің болашағымыз, ал олардың жауапкершілігі мен білімдері ел дамуының кепілі!
Білім алушылар арасында қызықты және танымды брейн-ринг интеллектуалды ойыны өтті!
???? Бүгін, 18.02.2025 ж., Колледж кітапханасының оқырман залында білім алушылар арасында қызықты және танымды брейн-ринг интеллектуалды ойыны өтті!
Ойынның тақырыбы “Заңды білу -басты парызымыз”. Бұл іс-шара тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен өтіп, жастарға заңды білім алу мен оны өмірде қолданудың маңыздылығын ұғындыруды мақсат етті.
???? Ойын нәтижелері бойынша: ???? I орынды -РЭТ-11 тобы, II орынды - АСУ-11 тобы, III орынды -Т-11 тобы, IV орынды -Э-11 тобы иеленді!
Қатысушыларға үлкен алғыс білдіреміз және алдағы уақытта да осындай қызықты әрі пайдалы шараларда бірге боламыз!
Почетные работники образования Республики Казахстан







Информационно - аналитический анализ







Лучшие студенты






