АКТЮБИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ ТРАНСПОРТА,
СВЯЗИ И НОВЫХ ТЕХНОЛОГИЙ
КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ИНТЕРНЕТ ҚАУІПСІЗДІГІ
???? 05.02.2025 ж. Колледжімізде құқықбұзушылықтың алдын алу және интернеттегі қауіпсіздік мәселелері бойынша маңызды кездесу өтті.
???? Іс-шара «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында, білім алушыларды жауапкершілікке баулу, ар-ұят құндылықтарын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.
????♂️ Ақтөбе қаласы полиция бөлімінің өкілдері 1-курс студенттеріне құқықтық сауаттылық, жолда жүру ережелері, интернет алаяқтықтың алдын алу және қылмыстық әрекеттерден сақтану туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара спикерлері:
✔️ Сүндетбаева Айнұр Амантұрлықызы – полиция капитаны
✔️ Жолдыбай Құттыбай Бақыткерейұлы – полиция капитаны
✔️ Жұбатыров Айбек Нұрдаулетұлы – полиция подполковнигі
✔️ Махмудова Кенжегүл Жақсыбайқызы – полиция майоры
Кездесу барысында студенттерге құқықбұзушылықтың салдары, интернеттегі алаяқтардан қорғану жолдары, заң бұзушылықтың жауапкершілігі туралы маңызды ақпараттар берілді.
Декада “Профилактика правонарушений и формирование навыков ответственного, безопасного поведения несовершеннолетних”
В рамках декады: “Профилактика правонарушений и формирование навыков ответственного,
безопасного поведения несовершеннолетних”, членами дебатного клуба был проведен турнир, спикеры обсуждали важные общественные проблемы молодёжи, вопросы использование интерактивных форм профилактики правонарушений и преступлений несовершеннолетних, актуальные вопросы формирования правового сознания несовершеннолетних и молодежи.
“Ұлағатты ұстаз – білім мен тәрбиенің қайнар көзі” тақырыбындағы кездесу кеші өткізілді
Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің салтанат залында колледжіміздің қадірлі ардагер ұстазы, орыс тілі мен әдебиетінің білікті маманы, педагогикалық салада ұзақ жыл қызмет еткен Әуесбаева Гүлбарам Сүлейменқызының 80 жылдық мерейтойына арналған : “Ұлағатты ұстаз – білім мен тәрбиенің қайнар көзі” тақырыбындағы кездесу кеші өткізілді.
Тағылымды кешке арнайы шақырылған қонақтар білім саласы ардагерлері кеңесінің төрағасы Кенжеғазы Байғазин, орынбасары, колледждің 1978 жылғы түлегі, білім саласының ардагері Салық Сарқұлов, ардагер ұстаз Мынауара Габдсаттарова колледждегі әріптестерімен бірге Гүлбарам Сүлейменқызын мерейлі жасымен құттықтап игі тілектерін арнады.
Алдымен колледж мұражайын аралап, деректермен бұрынғы бірге қызмет еткен әріптестерінің фото суреттерін тамашалап, тілек кітабына қолтаңбасын қалдырды.
Колледж салтанат залында жалғасқан кездесу кешінде еңбек, өмір жолынан сыр шерткен Гүлбарам Сүлейменқызы мерейтойына арнап тағылымды кездесу кешін ұйымдастырған колледж басшылығымен ұжымға, алғысын білдіріп, білім алушыларға батасын берді.
Кеш соңында жас өнерпаздар ардагер ұстаға әсем әуенді әндерін арнап, естелік суретке түсті.
Почетные работники образования Республики Казахстан







Информационно - аналитический анализ







Лучшие студенты






