АКТЮБИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ ТРАНСПОРТА,
СВЯЗИ И НОВЫХ ТЕХНОЛОГИЙ
“Жұмысшы мамандықтар қаласы” фестивалі.
Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі Астана қаласында “EXPO Халықаралық көрме орлығының” алаңында 11-15 ақпан күндер аралығында өтіп жатқан “Жұмысшы мамандықтар қаласы” фестиваліне “ Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы” мамандығы бойынша қатысуда.
“Жұмысшы мамандықтар қаласы “ фестивалін өткізу мақсаты: еңбек адамының маңыздылығын арттыру және жұмысшы мамандықтарды танымал ету.
АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІНДЕ БАСКЕТБОЛДАН БӨЛІМ АРАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ
Тәрбие жұмысы бөлімі және дене шынықтыру пәні оқытушыларының ұйымдастыруымен Кеңес әскерінің Ауғанстан шекарасынан шығуына 36 жыл толуына орай, колледжімізде Баскетболдан бөлім білім алушылары арасында жарыс өтті.
Салауатты өмір салтын насихаттап, жастарды спортқа қызықтыру мақсатында өткізілген сайыс өте тартысты болды.
Жарыс нәтижелері:
I ️орын – «Байланыс және электротехника» бөлімі командасы,
II орын – «Автоматтандыру және робототехника» бөлімі командасы,
III орын – «Жылжымалы құрам және коммуникация» бөлімі командасы,
IV орын «Тасымалды ұйымдастыру және автоматика» бөлімі командасы.
Жеңімпаздар колледж басшысының алғыс хатымен және арнайы медальдармен марапатталды!
Спорт – салауатты өмірдің кепілі!
2-3 курс қыз балаларымен №2 жатакханада түсіндірме жұмыстары жүргізді.
Ерте жүктіліктін, алдын алу максатында жастар ресурстық орталығының маманы Дана Санатқызы , «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының әдіскері, педагогика ғылымдарының магистрі - Лаура Бердибекова, № 7 қалалық поликлиниканың гинекологы - Айгуль Аскаровна 2-3 курс қыз балаларымен
№2 жатакханада түсіндірме жұмыстары жүргізді. Жас жеткіншектер арасындағы ерте жүктіліктін алдын алу, болашақта ұрпақ қамын, ұлт тағдырын ойлайтын қоғамның мүшесі болуларына жағдай жасау, ерте жүктілік туралы тусіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ұйымдастырған: Халилова Хамида Ерланқызы
Почетные работники образования Республики Казахстан







Информационно - аналитический анализ







Лучшие студенты






