АКТЮБИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ ТРАНСПОРТА,
СВЯЗИ И НОВЫХ ТЕХНОЛОГИЙ
Mамандықтар апталығы «Қазақстанның темір жол көлігіндегі технологиялық инновациялар: тиімділік пен қауіпсіздікке Жаңа жол» тақырыбында техникалық конференциясы және «Теміржолшы – тапқырлар» викторинасымен жалғасты.
Техникалық конференцияда арнайы пән оқытушылары Бондаренко Н.Ю., Ахметова Г.Т., Айчанова Д.А. өз баяндамаларымен бөлісіп, темір жол саласындағы жаңа инновациялар мен технологиялар туралы ақпараттар жеткізді. Техникалық конференция қонақтары Жұбанов Н.Е. – ПҚБО поезд диспетчері, Абдуллаев Ж.М. - Ақтөбе вокзалының ақпараттық жүйелер электромеханигі өз салаларындағы жаңа инновациялар таныстырып ақпарат берді. Студенттердің білімін, іскерлігі мен дағдыларын жандандыру, білімді кеңейту және жетілдіру мақсатында арнайы пән оқытушылары Тажбаева Г.А., Аменова Г.О. студенттермен викторина өткізіп, керемет көңіл күй сыйлады.
“Цифрлық технологиялар мен инновациялар дәуіріндегі теміржол көлігі мамандықтары апталығы
“Цифрлық технологиялар мен инновациялар дәуіріндегі теміржол көлігі мамандықтары апталығымыздың аясында ???? Қазақ поэзиясының жарық жұлдызы, қазақ әдебиетінің кемеңгер тұлғасы, ақын, жазушы, қоғам қайраткері Қадыр Мырза Әліге 90жыл толуына орай кітапхана меңгерушісі Жолдасова Г. Н.
В- 11 және СЖД - 11 топ жетекшілері Кушербаева А.Б және Жалғасбаева Ш.А және топ студенттері бірігіп «Қадыр Мырза Әлі - қазақ поэзиясының пырағы» атты әдеби - сазды кеші ұйымдастырылды.
???? Әдеби-сазды кештің мақсаты: Студенттерді рухани дамытушылыққа, ізденіске ,Қадыр Мырза Әлінің өлеңдерін жатқа білуге тәрбиелеу.
???? Қадыр атамыздың өмірден өткеніне біраз уақыт болса да, оның мәңгілік өлмейтін өмірі енді ғана басталды. Қазақ бар да Қадыр бар. Оның асыл сөздері өз дәуірінің және болашақтың үніне айналды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялады. Жұмысшы мамандықтары жылы аясында ағымдағы жылдың 17 ақпаны күні Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің директоры Е.Ғ.Нұрғалиев пен Академик С.А.Джиенкулов атындағы Байқоңыр жоғары колледжінің басшысы А.Д.Дауленбаев өзара ынтымақтастықты дамытуға бағытталған меморандумға қол қойды. Меморандумның мақсаты кадрлар даярлауда кәсіби білім беруді дамыту және тәжірибе алмасу, бірлескен жобаларды іске асыру болып табылады. Шара барысында келген қонақтарға колледждің материалдық-техникалық базасы көрсетіліп, мамандықтар саласында қолданылатын заманауи технологиялар таныстырылды.
Президент Касым-Жомарт Токаев объявил 2025 год «Годом рабочих профессий». В рамках Года рабочих профессий 17 февраля текущего года директор Актюбинского колледжа транспорта, связи и новых технологий Нургалиев Е.Г. и руководитель образовательного учреждения “Байконурский высший колледж имени академика С.А.Джиенкулова” Дауленбаев А.Д. подписали меморандум, направленный на развитие взаимного сотрудничества. Целью меморандума является развитие профессионального образования и обмен опытом в подготовке кадров, реализация совместных проектов. В ходе мероприятия гостям была продемонстрирована материально-техническая база колледжа, презентованы современные технологии применяемые в сфере специальностей.
Почетные работники образования Республики Казахстан







Информационно - аналитический анализ







Лучшие студенты






