АКТЮБИНСКИЙ КОЛЛЕДЖ ТРАНСПОРТА,
СВЯЗИ И НОВЫХ ТЕХНОЛОГИЙ
КОЛЛЕДЖДЕ РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ПАТРИОТТЫҚ-ТАНЫМДЫҚ КЕШ ӨТТІ
Бүгін 24 қазан күні Ақтөбе көлік,байланыс және жаңа технологиялар колледжі мәжіліс залында «Мәңгілік жаса,қыран елім Қазақстаным» тақырыбында Республика күніне арналған кеңейтілген іс-шара өтті.
Салтанатты ұлттық шарада колледж ұжымын, оқытушылар құрамы мен студент жастарды басшысының уақытша міндетін атқарушы Бурибаев Асылбек Салжанұлы Республка күнімен ресми құттықтады.
Одан кейін техникалық кәсіптік білім беру саласында ұзақ жыл абройлы еңбек етіп колледж мәртебесінің асқақтауына айрықша үлес қосқан бір топ білім ордамыздың ұстаздары мен қызметкерлерін Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министірлігінің ,Ақтөбе облыстық білім басқармасының құрмет грамотасы және алғыс хаты, Ы.Алтынсарин төс белгісімен, AMANAT партиясының Ақтөбе облыстық филиалының Алғыс хатымен марапаттады.
Кеш соңы мерекелік концертке ұласты.
БАЛАЛАР МӘСЕЛЕСІНЕ АРНАЛҒАН АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
????️Бүгін 2024 жылы 18 қазан күні Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің конференц залында Ақтөбе облысы білім басқармасы «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығы әдістемелік бөлімінің әдіскер психологі Телағысова Меңтай Ырзабайқызы, психологиялық бөлімінің басшысы Сәрсенғалиева Майра Тұрарбекқызының қатысуымен колледж білім алушыларының ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында «Балалардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында ата-аналарға арналған ақпараттық-түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Ата-аналардың әр түрлі сұрақтарына жауап беріліп құқықбұзушылықтың алдын алу, баланың ойына ,мәселесіне көңіл бөлу, бағыт-бағдар беру мәселелері талқыланды.
ЖАҚСЫ ОҚЫП, КӘСІБИ МАМАН БОЛЫП АТА-АНА ҮМІТІН АҚТАУҒА ҮНДЕДІ
Бүгін, колледж білім алушыларына конференц залда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың,қылмыстар мен діни экстремизмнің алдын алу,түсіндіру жұмыстары бойынша сыр-сұқбат өткізілді.
Кездесуге келген қонақтар Ақтөбе қаласы ПБ Алматы ауданы №3 қалалық полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Измайлов Линур Рустемович
Ақтөбе облысы, полиция департаменті діни экстремизм бөлімінің полиция подполковнигі Жубатыров Айбек Нұрдаулетұлы,
Ақтөбе қаласы ПБ Алматы ауданы #3 ҚПБ ЖПҚБ КТІЖ аға УПИ полиция майоры, кәмелетке толмағандар ісі-жөніндегі аға учаскелік инспекторы, Махмудова Кенжегүл Жақсыбайқызы білім алушыларға өздерінің құқықтарын түсіндіріп, жасөспірімдер арасындағы қылмастық оқиғалардан мысалдар келтіріп, жақсы білім алып, кәсіби маман атанып ата-аналарының үмітін ақтап, Отанымыздың патриоттары болуға шақырды.
Студенттер де, өз кезегінде мамандарға сұрақтар қойып, өздерінің пікірлерімен бөлісті.
Почетные работники образования Республики Казахстан







Информационно - аналитический анализ







Лучшие студенты






