«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы ұйымдастырған «Ұлттық құндылықтарды оқу процесіне енгізу механизмі» тақырыбындағы облыстық семинар онлайн форматында 16 ақпан күні Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжінің базасында өткізілді.
Сминар мақсаты: Сан ғасырлар бойы сұрыпталған ұлттық құндылықтарымызды оқу процесіне енгізу арқылы тұнып тұрған рухани байлығымызбен өскелең ұрпағымызды сусындатуға бағыттау.
Семинардың өткізілу барысында төмендегі ұстаздар өз тәжірибелерімен төмендегі тақырыптарда бөлісті:
Рамазанов Марат Куангалиевич – директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары.
Тақырыбы: «Оқу үдерісінде ұлттық құндылықтардың ерекшелігі».
Кадирова Жанар Жаксылыковна- арнайы пәндер бойынша педагог-сарапшы.
Тақырыбы: « Кәсіби маман даярлауда ұлттық құндылықтарды енгізудің маңыздылығы».
Жалмагамбетова Гулзада Ажимбаевна - арнайы пәндер бойынша педагог-сарапшы.
Тақырыбы: «Ұлттық құндылықтың механизмі - рухани ұстаз».
Нургалиева Айнур Талгатовна- арнайы пән оқытушысы.
Тақырыбы: «Ұлттық құндылықтар – тәрбиенің түп қазығы».