Жұмыс уақыты
8.30 -17.30
Үзіліс: 12.30 – 13.30
Демалыс: сенбі, жексенбі
Әр айдың соңғы күні – тазалық күні
Кітапхана құрылымы:
Абонемент
Оқу залы
Мерзімді басылымдар залы
Адамға ауа қандай қажет болса кітапхана да сондай қажет.
(О. Бөкей)
Кітапхана – мәдени – ағартушылық мекеме. Кітапхана – баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттаумен, оқырмандарға баспасөз шығармаларын берумен, мәдени-ағарту және ғылыми-көпшілік жұмыстарын ұйымдастырумен шұғылданады. 2008 жылдан бастап, автоматтандырылған жүйе «ИРБИС» бағдарламасы қолданысқа ие болды. Білім алушыларға қажетті ақпараттар алу үшін барлық жағдай қарастырылған. Сонымен қатар жұмыс жоспары бойынша әдеби кештер, ауызша журнал, дөңгелек үстел, мәнерлеп оқу сайысы т.б іс-шаралар өткізіледі.
Кітапхана меңгерушісі: Жолдасбаева Гулнар Насеновна
Кітапхана абонементі – белгі бір мерзімге кітапханадан тыс пайдалану үшін баспа туындылары мен басқа да құжаттар беруді көздейтін оқырмандарға жеке және ұжымдық қызмет көрсету нысаны. Оқу залы - (40 орынды) өз шегінде баспа және басқа да құжаттар қызметін көрсетуге арналған арнаулы жасқталған бөлме. Мұнда көптеген энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар, оқу-әдістемелік құралдар және құнды баспалар мен аз қамтылған әдебиеттер т.б. жинақталған. Оқу залы компьютерлік аймақпен, электронды жабдықтармен қамтамасыз етілген, интернет жүйесі ресурстарына қосылған.
Мерзімді басылымдар залы – баспасөз шығармаларын жинау, сақтау, насихаттау және оқырмандарға берумен шұғылданады.