Суреттерді қосу/өшіру Қаріп A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN
МЕНЮ

        Елімізде болып жатқан әлеуметтік,саяси және экономикалық өзгерістер жеке тұлғаның дамуына сай жаңа талаптарды қажет етеді,өркениетті елдің өскелең ұрпағына рухани адамгершілік білім беру-бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады.  Уақыт өте келе ұлт болашағының зардап шекпеуі үшін,ұрпақ алдында Білім беру саласындағы педагогикалық-психологиялық қызметтің өзекті мәселесі балалардың ,жан-жақты дамуының кезеңдерінде атқарылатын істер.

         Психологиялық қызметтің мақсаты:

  1. - білім беру ұйымдарында білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау,
  2. - қолайлы әлеуметтік психологиялық жағдай жасау және білім беру үрдісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.

Психологиялық қызмет жүйесі екі бағыттан тұрады:

  • Өзекті
  • Болашақты

Өзекті бағыт баланың  жеке басының қалыптасуындағы  бүгінгі күнгі қиындықтар мен  ауытқушыларды шешуге арналады. 

Болашақтық  бағыты әр баланың  даралық  ерекшелігін  дамытуға, қоғамда өмір сүруге, таңдаған  мамандығын игеруге, психологиялық тұрғыдан  даярлауға  және баланың  қабілетін, барынша  әрі мүмкіндігінше  дамытуға  психологиялық жағдай  туғызуға бағытталған.   Колледжімізде педагогикалық-психологиялық  қызмет  колледж  студенттері, оқытушылар, ата-аналар, басшылар деп аталатын  4 категорияны қамти отырып, оқу-тәрбие үрдісін  жақсартуға үлес қосады.

 «Баланы жан-жақты  етіп тәрбиелеу  үшін  оны  жан-жақты  білу керек» деген  белгілі  педагог  К.Д. Ушинскийдің  қағидасын басшылыққа  ала  педагогикалық қызмет,  педагогикалық іс-әрекетпен тығыз   қарым-қатынаста  болады.

Оқу жылы басында колледж оқытушыларына жаңа оқу жылына деген құлшынысын арттыру мақсатында  «Ұстаз – Ұлы тұлға» тақырыбында көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын  кездесу тренингі ұйымдастырылып,жаңадан келген студенттерге отбасылық социометриялық тесті,  проективтік әдістер, әлеуметтік-психологиялық анкеталар арқылы, әр студенттің қабілеттері анықталып, шығармашылық топтың құрамына қабылдау жасалуда.(ән айту,би билеу, аспаптарда ойнауы,сурет салу)

          Қазіргі таңда ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас көңіл толтырмайды.Ата-ананың  жұмыс басты болуының  салдарынан, үйдегі бала тәрбиесіне уақыт бөліну жоқтың қасы деп санап, Ата-ана – Оқытушы - Студент арасында жақсы тандем орнату мақсатында «Отбасы – өмір аясы» атты  мейірімділікке,ізгілікке,бірін бірі түсіне білуге,өз ойларын дұрыс жеткізе алуға тәрбиелеу мақсатында танысу кеші өткізілді.

         Әр бала өз алтындай ұясынан түлеп ұшып, басқа ортаға бейімделіп кетуі қиынға соғады.Оның ішінде студенттер үйінің  тәртібіне, ережесі мен  тәрбиесіне  жан-жақтан келген студенттер бір бөлмеде тұрып кетуі оңайға соқпайды. Сол себепті жатақхана студенттеріне«Танысу кеші», «Студенттік өмір» атты мерекелік кеш ұйымдастырылып, оқытушының мінез-құлқы,темпераменті,қабілеттері анықталып,әр студенттің жеке карта құрылады.

    «Үлкенге құрмет- кішіге ізет» таныту ата-баба қанына сіңген асыл қасиетіміз. Осы орайда  мінез-құлықтарында ауытқушылықтары  анықталған студенттермен қоғамдық жұмысқа  белсене араласып жүрген студенттер құрамымен бірлесе Қарттар үйі мен Үміт балалар үйіне барып, таланты мен дарындылығын ұштастыра отырып қолөнер бұйымдарын, оның ішінде тоқыма ісін, түрлі-түсті бояулардан салынған картиналар  тарту етіп, балалар үйінің балаларына «Маша и Медведь» қойылымын шеберлікпен көрсете білді. Оған қосымша өздерінің қонақ сый кәдесі «Жеміс-жидек» қоржынын тарту етті.

         Тұлғаның  адамды адам ете түсетін қасиетін ашып көрсетіп,руханилығын дамыту заман талабы. Ғасырлар тоғысында біз кенеттен тәрбиенің басты мақсаты балаларды компьютер басуға үйретіп,ағылшын сөйлету деп санадық. Міне ,сөйтіп жаңа формацияның адамы да даяр.Ал,бұл процесс ұрпағы қайырымдылықты зұлымдылықтан ажырата ала ма деген сауал тұрып, балаларды дүниедегі тыныштық өмір сүруге мейірімділік, махаббат, қайырымдылықты жүректен шығарып «Жақсылық жасауға асығайық» атты ұранмен колледж студенттері Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау қорымен тығыз жұмыс жасап келуде.

      «Алғыс айту» күніне орай «Анама хат», «Ұстаздарға алғыс» акциясы  ұйымдастырылып, студенттер өз қолдарымен қағаз бетіне анасына деген махаббатын, жылулық сезімін білдіріп почта  арқылы елді-мекендеріне хаттарын жолдады. «Анама хат» акциясы аясында хат жолдаушы әрбір бала, өз сезімдерін сағыныш тебіреніспен, бірі ана махабатын еске алып көздеріне қуаныш, сағыныш жасын алды. Ата-аналар хатты алысымен телефон шалып, колледждің  тәрбие бөлімінің командасына ризашылық  алғыстарын білдірді.

Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкерлері

Нұрғалиев Ералы Ғұбайұлы

Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар
колледжінің директоры

ҚР Білім және ғылым министрінің
«Қазақстан Республикасының білім
беру ісінің құрметті қызметкері» белгісі.

«Ақтөбе облысының құрметті ұстазы» атағының иегері

Куспанова Сауле Умбеткалиевна

Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар
колледжінің арнайы пән оқытушысы,
педагог - шебер

"Ы.Алтынсарин" төсбелгісінің иегері

Бердимуратова Калдыгуль Суйеужановна

Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа
технологиялар
колледжінің орыс тілі мен әдебиеті
пәні оқытушысы,

педагог - шебер

"Ы.Алтынсарин" төсбелгісінің иегері

Бондаренко Наталья Юрьевна

Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар
колледжінің арнайы пән оқытушысы,
педагог - шебер

"Ы.Алтынсарин" төсбелгісінің иегері

Ақпараттық - аналитикалық талдау

1089

Студенттер саны

21

Магистр

27

Педагог - зерттеуші

16

Педагог - сарапшы

26

Педагог - модератор

6

Педагог - шебер

141

Педагог

Үздік студенттер

Сайтта кімдер бар

Қазір 845 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

статистика

Қолданушылар
2
Материалдар
223
Материалды қарау саны
161352

Авторлық құқық

© 2024 АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ. Барлық құқықтары қорғалған.
Joomla! - GNU General Public License. лицензиясы бойынша таратылатын тегін программалық қамтама
© 2024 АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
website author: Idrissov K.ZH.