Суреттерді қосу/өшіру Қаріп A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN
МЕНЮ

Ақтөбе көлік, байланыс   және жаңа технологиялар колледжі

Жастар ісі-жөніндегі комитеті белсенділерінің қатыстқан, ұйымдастырған іс-шаралары мен жетістіктері

    Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі Жастар ісі-жөніндегі комитеті Облыстық, қалалық жастар ресурстық орталықтарымен қоғамдық бірлестіктермен қоғамдық, волонтерлық мәдени іс-шараларда жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, спорттық, зияткерлік іс-шараларында бірлесіп тығыз жұмыс жасайды.

Ақтөбе көлік, байланыс  және жаңа технологиялар колледжінде «Қос шынар» Әлия-Мәншүк атындағы қоғамдық бірлестігі мен жастар ісі-жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен өткізілетін 4  -  маусым ҚР рәміздер күніне арналған «Мемлекеттік символдар – патриоттық тәрбие негізі» салтанатты іс-шарасы мен «Көк тудың желбірегені» атты жас патриот-ақындар мүшәйрасы жоғары деңгейде жылма-жыл ұйымдастырылады.

«Қос шынар» Әлия-Мәншүк қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Байдербес.

«Көк тудың желбірегені» рәміздер күні мерекесіне арналған жас патриот ақындар мүшәйрасы қазылар алқасының төрағасы Ашықбаев Ертай Аханұлы

«Қазақстан Республикасы Бейбітшілік және келісім Ақтөбе облыстық кеңесінің» төрағасы Еспағамбетов Келдібай Еспағамбетұлы іс-шарада ел рәміздерінің мәнін маңызын оқушы жастарға кеңінен түсіндірді.

    Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі жастар ісі-жөніндегі комитеті «Жалынды жастар-ел болашағы, жастар арасындағы патриоттық тәрбие» атты сыр –сұхбат кездесуін ұйымдастырды.  мәдениет саласының ардагері, құрмет орденінің иегері.Байдербс Ғалымжан Ермағамбетұлы «Қос шына Әлия мен Мәншүк атындағы қайырымдылық қоры қоғамдық бірлестігінің төрағасы, «Құрмет» орденінің иегер, Ақтөбе қаласының құметті азаматы іс-шараға қатысып патриоттық тақырыптағы дәрістері мен бөлісті.

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау мақсатында  Ақтөбе көлік, байланыс  және жаңа технологиялар колледжі және Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті тарих факультетінің студенттерімен өткізілген дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

«Рухани жаңғыру: Туған жер, тұнған тарих» баяндамасымен Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті тарих факультетінің 4- курс студенті, Президент шәкіртақысының иегері  белсенді жас,  Атаниязов Нұрсұлтан Қайратұлы баяндама жасады.  Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технология колледжі дөңгелек үстелге қатысушы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті тарих факультетінің студенттері болашақтада бірге болып түрлі мәдени, рухани іс-шараларды бірге атқаруға келісті.

      Колледждегі жастар ісі-жөніндегі комитетінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Н. Байғанаин атындағы облыстық балалар кітапханасымен бірлесіп өткізген кітаптар таныстырылымы іс-шарасы өткізілді

     Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі жастар ісі-жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен «Жетістіктер шеруі-2022» үздіктер балының салтанаты дәстүрлі түрде жылда өткізіледі. 2021-20202 оқу жылында үздік оқып, үлгілі тәртібі мен қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысқан студенттер арнайы шақырылып көңілді кеште өнер көрсетіп колледж басшысы: Нұрғалиев Ералы Ғұбайұлының  арнайы номинация алғыс хаттары мен  салтанатты марапатталады Жастар ісі-жөніндегі комитеттің жұмыс жоспарына сәйкес  қатарына жаңадан қабылданған оқушылар арасынан белсенділерін жастар ісі-жөніндегі комитетінің қатарына салтанатты қабылдау кешін жылда дәстүрлі түрде ұйымдастырады. Жаңадан қабылданған белсенділерге аранйы төс белгілер тағылып салтанатты түрде комитеті  қатарға қабыланады.

       Жастар ісі-жөніндегі комитеті мен Ақтөбе облысы тілдер басқармасы және Ақтөбе облысы ғылыми-тәжірибелік орталығымен бірлесе өткізілген поэзия - үш тұғырлы тіл поэзия кешінің ұйымдастырылды.

       Кеш барысында Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі «Жас ақындар» үйірмесінің мүшесі 3-курс студенті Болат Нұрхан патриоттық өлең оқыды.

 

Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі

Жастар ісі- жөніндегі комитет

 

       Жастар ісі- жөніндегі комитет мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыра отырып, студенттердің оқу – тәрбие, шығармашылық және қоғамдық жұмыстарымен айналысады.

Жастар ісі жөніндегі комитет – колледж студенттерінен құралған үлкен команда. Құрамына 200 ден астам талантты, белсенді студенттерді жинақтай аладыЖастар ісі жөніндегі комитетінің басты міндеттермелері төмендегідей:

  • ҚР Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру;
  • Интернационализм және азаматтық патриотизм сезімін қалыптастыру, тарихи-мәдени мұра мен Қазақстан халықтарының дәстүрлерін құрмет тұтуға баулу.

Мәдени қарым-қатынас бойынша тәрбие жұмысын ұйымдастыру, жастар арасында талантты және өнерпаз студенттерді анықтап, оларды белсенді қоғамдық  пен шығармашылық қызметке жұмылдыру

  • Қызығушылықтарына орай клубтар мен үйірмелер  жұмыстарын ұйымдастырып, студенттерді фестиваль, конкурс, көркем өнерпаздар байқауына қатысуға дайындау;
  • Діни экстремизм, студент жастардың арасындағы құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бойынша іс-шаралар ұйымдастыру;
  • Нашақорлыққа қарсы күрес, студенттер арасында темекі шегушілердің санын азайту және оның алдын-алу мақсатында тәрбиелік сипаттағы сауықтыру шараларын ұйымдастыру;
  • Өзін-өзі басқару органдары мен колледждің қоғамдық ұйымдарының қызметтерін үйлестіру;
  • Студенттердің интеллектуалды, рухани, адамгершілік қасиеттерінің дамуына  бағытталған дөңгелек үстелдер, конференциялар, дәрістер, кездесулер ұйымдастыру;
  • Студенттерді студенттік өзін-өзі басқару жұмыстарына (студенттік жиналыстарда) қатыстырып,  колледждегі студенттік  тұрмыс мәселелері бойынша ортақ шешім қабылдауға жәрдемдесу;

Студенттер контингенті арасынан көшбасшы студенттерді анықтап, олардың басқарушылық қабілеттерін дамыту

      Әрбір үйірмеге қабілеттеріне қарай ынта  білдірген колледж оқушыларының  әрқайсысы қабылданып жетекшілері сайланады. Құқықтық тұрғыдан Колледж оқушылары арасында нашақорлыққа, маскүнемдікке,сонымен қатар құқық бұзушылықтың алдын алу жөнінде заң құқық туралы  мәлімет беру мақсатында арнайы мамандармен тұрақты кездесулер ұйымдастырылып тұрады.

       Мәдени идиологиялық тұрғыдан  жастар ісі-жөніндегі комитеті патриоттық құндылықтар мен ілгерілеу мақсаттары негізінде,колледж жастарын топтастыруы,салауатты ұлт қалыптастыру идеясының белсенді бастамашысына айналуда Жастарды Отаншылдық рухта тәрбиелеу  бойларында патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында

       Колледж директорының кең қолдауымен  оқушыларды туған өлкеміздің тарихи жерлеріне ескерткіштеріне,  қобыланды батыр кесенесіне, қобда ауданы Әлия ауылындағы Әлия мұражайына, Абат-Байтақ кесенесіне тұрақты саяхатқа апару жерлес қоғам қайраткерлерімен Ұлы Отан соғысының ардагерлерімен тұрақты кездесулер өткізіледі.

       Отан соғысы мен Ауған соғысы ардагерлерімен,  кездесулер ұйымдастыру жылда жақсы дәстүрге айналуда. Жастардың төл мәдениеттен нәр алуы, еліміздің тарихи өткенін оқып үйренуі, қоғамымыздағы достық ахуал мен бейбітшілікті, рухани келісімді нығайту жас ұрпақ бойында біздің ортақ Отанымызға-Қазақстан Республикасына деген мақтаныш сезімін қалыптастыратыны сөзсіз ақиқат. Қазіргі таңда мемлекет басшысының жастар саясатына қатысты реформаларын өзім қызмет етіп жатқан 90 –жылдық тарихы бар Ақтөбе көлік,коммуникация және жаңа технология колледжінде жемісті жүзеге асырып жатқандығын өзімнің көзім көріп жүр.

       Отан соғысы мен Ауған соғысы ардагерлерімен,  кездесулер ұйымдастыру жылда жақсы дәстүрге айналуда. Жастардың төл мәдениеттен нәр алуы, еліміздің тарихи өткенін оқып үйренуі, қоғамымыздағы достық ахуал мен бейбітшілікті, рухани келісімді нығайту жас ұрпақ бойында біздің ортақ Отанымызға-Қазақстан Республикасына деген мақтаныш сезімін қалыптастыратыны сөзсіз ақиқат. Қазіргі таңда мемлекет басшысының жастар саясатына қатысты реформаларын өзім қызмет етіп жатқан 90 –жылдық тарихы бар Ақтөбе көлік,байланыс  және жаңа технология колледжінде жемісті жүзеге асырып жатқандығын өзімнің көзім көріп жүр.

      Директорымыз Нұрғалиев Ералы Ғұбайұлы  бастаған колледж басшылығы жастардың толыққанды кәсіби білім алуына,олардың кәсіби біліктігін артуына, бәсекеге қабілетті азамат болып қалыптасуына ізгі шаралар ұйымдастыруда. Мінекей, Жастар ісі-жөніндегі комитеті секілді осындай  студенттік өзін-өзі басқару ұйымының көшбасшылық мектебінен өткен бүгінгі оқушы, ертеңгі күні мемлекеттік саясат тұрғысынан ойлап, Отан үшін қызмет ететін азамат болатындығына нық сенеміз.

Үздік студенттер

Сайтта кімдер бар

Қазір 252 қонақ және Бірде бір тіркелген қолданушы жоқ сайтта отыр

статистика

Қолданушылар
2
Материалдар
144
Материалды қарау саны
55500

Авторлық құқық

© 2024 Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі. Барлық құқықтары қорғалған.
Joomla! - GNU General Public License. лицензиясы бойынша таратылатын тегін программалық қамтама
© 2024 АҚТӨБЕ КӨЛІК, БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР КОЛЛЕДЖІ
website author: Idrissov K.ZH.