“АҚТӨБЕ JASTARY” бір айлық жобасы тағы да жалғасын тапты. Бұл жолы, «Бақытты отбасы» орталығымен бірлесіп, “Алматы” ауданы әкімінің орынбасары Қобландин Ғалым Сембайұлы және бір топ колледж студенттері қайырымдылық шараға қатысып, аз қамтылған отбасыларға азық – түлік таратты. Өз кезегінде азық – түлік себеттерін алған отбасылар алғыстарын білдіріп,жылы лебіздерін арнады.